Мемлекет басшысы өз Жолдауында Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың қажеттіліктеріне жедел ден қою мемлекеттік органдар қызметінің басты басымдығы болып табылатынын атап өткен болатын.
Осыған байланысты, қазіргі уақытта Шымкент қаласы ПД-нің аудандық Полиция басқармаларында қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін және қажетті ұйымдастыру техникасымен және жиһазбен толық жабдықталған фронт-офистері халыққа қызмет көрсетуде.
Полиция қызметкерлері келушілерді жылы жүзбен қарсы алып, келушілердің қызықтыратын барлық мәселелері бойынша кеңесін айтып, қысқа мерзімде өтініштерін қарап береді.
Осындай қағидаттық тәсілдің негізгі мақсаты – мәселелерді жедел, ашық, қолжетімді шешу және тұрғындармен өзара тиімді байланыс жасау болып табылады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі