2020 жылдың 3 қаңтарында Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне 44 жастағы жергілікті тұрғын 2019 жылы 27 желтоқсанда 27 жасар жұбайы үйден шығып кет кетіп, қайта оралмағандығы туралы арызданған.
Полиция қызметкерлері іздестіру іс-шаралары барысында ағымдағы жылдың 7 қаңтарында жоғалған әйелді тауып, үйіне қайтарды.
Әйелдің өмірі мен денсаулығына ешнәрсе қауіп төндірмейді.
Өз кезегінде әйелдің жұбайы үлкен, қажырлы, жауапты жұмысы үшін полицейлерге алғысын білдіріп, қызметте табыс тіледі.
Шымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі