Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов жалғыз ұлына ақалтеке атын сыйға тартты. Мемлекет басшысы мен ресми басылым бұл оқиғаға ерекше тоқталып, салтанатты шара ретінде қабылдады.
Түркіменстандағы мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, президент ұлына Ханкервен атты үш жастағы ақалтеке атын сыйға тартқан.
Гурбангулы Бердымұхамедовтің айтуынша, жас сәйгүліктің атының «терең мағынасы бар».
«Көптеген ғасырлар бұрын біздің жерімізден өткен керуен тізбегі секілді ұлтымыздың әдемі дәстүрлері ұрпақтан ұрпаққа беріле берсін», — деген мемлекет басшысы.
Президент Бердымұхамедов бұл сыйлықты 6 маусым күні Ақалтеке жылқыларының кешеніне барған кезде берген. Бұл жануар атбегілер атынан президентке сыйлыққа тартылған болатын.
Елдің вице-премьері, 39 жастағы Сердар Бердымұхамедов «Түркімен алабайы» халықаралық қауымдастығын және «Ақалтеке жылқысын бағушылардың халықаралық ассоциациясын басқарады. Бұл екі ұйым да түркімен президентінің бастамасымен құрылған.