Новости на Newstaraz.

Түркімен президенті өзіне сыйлаған ақалтеке атын ұлына «мұрагерлік белгісі» ретінде тарту етті

newstaraz.kz

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов жалғыз ұлына ақалтеке атын сыйға тартты. Мемлекет басшысы мен ресми басылым бұл оқиғаға ерекше тоқталып, салтанатты шара ретінде қабылдады.

Түркіменстандағы мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, президент ұлына Ханкервен атты үш жастағы ақалтеке атын сыйға тартқан.

Гурбангулы Бердымұхамедовтің айтуынша, жас сәйгүліктің атының «терең мағынасы бар».

«Көптеген ғасырлар бұрын біздің жерімізден өткен керуен тізбегі секілді ұлтымыздың әдемі дәстүрлері ұрпақтан ұрпаққа беріле берсін», — деген мемлекет басшысы.

Президент Бердымұхамедов бұл сыйлықты 6 маусым күні Ақалтеке жылқыларының кешеніне барған кезде берген. Бұл жануар атбегілер атынан президентке сыйлыққа тартылған болатын.

Елдің вице-премьері, 39 жастағы Сердар Бердымұхамедов «Түркімен алабайы» халықаралық қауымдастығын және «Ақалтеке жылқысын бағушылардың халықаралық ассоциациясын басқарады. Бұл екі ұйым да түркімен президентінің бастамасымен құрылған. ​

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »