Түркияның шығысында Битлис провинциясында болған тікұшақ апатынан 11 әскери қызметкер қаза болып, үш адам жарақаттанды. Қаза болғандар арасында генерал Осман Эрбаш та бар. Ол құрлық әскерінің 8-корпусын басқарған.
Әзірге толық емес мәлімет бойынша, апатқа ауа райының нашарлығы немесе техникалық ақау себеп болған.
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг әскерилердің қазасына қатысты Түркияға көңіл айтты.
5 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың да Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтып, телеграмма жолдағаны белгілі болды.