ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ ҚАЙТА ҚАЗЫП ТАСТАҒАН

Талдықорғанда жуырда ғана төселген асфальт қайта жамалып жатыр. Тақтайдай тегіс жолдың астаң-кестеңін шығарған мердігер компанияның бұл әрекетіне тұрғындар наразы. Ойқы-шойқы жолдан мезі болған жұрт, күрделі жөндеуді жылдап тосқанда көргеніміз осы болды деп қапалы. Сондықтан, әкімдіктегілерге жолды қабылдап аларда жіті тексеріп алуын талап етіп отыр. Ал, қыруар қаржыға салынған асфальтті қайта талғандауға сонда не түрткі болған? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қаладағы Шоқан Уәлиханов көшесін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары биыл тамыз айында басталған. Ол үшін бюджеттен 540 млн теңгедей қаржы бөлініпті. Осы күнге дейін 4 шақырымнан аса аумаққа асфальт төселген екен. Алайда, мердігер компания жаңа жолды толығымен бітпей, әрбір жерінен ойып, қайта жамап жатыр. Олардың бұл әрекеті жұрттың  ашуын туғызуда.

АСҚАР ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Бізде керісінше бәрі. Жаздай жасамайды, қар жауғанда жасайды. Соны қадағалаулары керек қой. Жоғары жақтағы бастықтар ма, біреу-міреулер шығып ше енді. Ешқандай сапа жоқ, асфальттың бәрі ұшып кетті. Енді, соны қайта жамап жатыр ше өздері. Бір салғанды дұрыс болмай қалды. Қазір мына жер емес, анау ары қарай барсаң, мыналарды көрдің бе, салып кеткен. Ямочный жасап жатыр бұны».

АЛЕКСАНДР КУЗЬМЕНКО, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Ұнамайды маған. Жолды жақсылап жасауға болатын еді. Осында тұрған 30 жыл ішінде алғаш рет толықтай асфальтталып отыр. Соның өзі дұрыс емес».

Ал мердігер компания өкілі жетіскеннен тақтайдай жолды қайта қопарып жатқан жоқпыз дейді. Кәріз жүйелері құдығы мен газ құбырын бекітетін құрылғы асфальт астында қалған екен. Соны әр жерден іздеп, жолды қазғандарын айтады.

НҰРЛЫБЕК ҚЫРЫҚБАЕВ,  МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ: «Оны бекер қазғанда, қалалық мекемелер өздері толық білмейді қай жерде тұрғанын. Жобалап көрсеткен жерлерін қазып, таба алмаған соң, мына жерде, ана жерде деп іздеп, ашып-жауып жатырмыз. Тура көрсете алмай жатқан. Мына газ жүйесін көрсете алмай жатыр».

Ал, бұған газ тартушы мекеме өкілдерінің де айтар өз уәжі бар.

АЙДЫН ТАТАРБАЕВ, ГАЗ ТАРТУШЫ КОМПАНИЯНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Жол жөндеушілер асфальтті алдын-ала бізбен келіспестен, төсеп тастаған. Кейін барып, мөлшермен газ құрылғысының орнын көрсеттік. Бетін жабуға болмайды. Соны іздеп, олар әрбір жерді қазып тастаған. Мұндай сәтте, темір іздейтін құрылғыны пайдалануға болар еді».

Су жаңа жолдың әр тұстан қопарылып жатқаны өз алдына, енді жаяу жүргіншілер жүретін жолдағы асфальттің де арасы ажырап жатыр. Мердігер компания өкілі жұмыстың толық бітпегенін айтып ақталды. Әлі уақыт бар екен. Қажет болса, қайта жөндеп беруге әзірміз дейді. Ал, талай жыл бойы жолды жқндете алмаған тұрғындардың бүған сенімінен гөрі күмәні басым.

Первый канал Евразия

Комментарий (0)
Добавить комментарий