TikTok молда: «Әйелдер нәпсіге берілген, күйеуіне екі әйел алып бере алмайды»

kaz.caravan.kz

TikTok желісінде діни білімі болмаса да, әлеуметтік желіде жұртқа ақыл айтып, шулы тақырыпты қозғап жүрген діндар бұл жолы күйеулеріне екінші әйел алып бермейтін әйелдерді қатаң сынға алды. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«Қазақтың санын көбейту керек. Екі әйел алу керек. Қазіргі еркектер әйелдерінен қорқады. Төмен түсіп кеткен жағдайлары. Әйелдер сондай нәпсіге берілген, күйеуіне екі әйел алып бере алмайды. Ой Алла, Алла», − деді діндар.

Бұл діндардың есімі − Жасұлан. Тик Ток желісінде 51 мың оқырманы бар ол дінге байланысты елге түрлі ақылдарын айтады. Ол жақында ғана «костюм шалбар кезінде голубойлардың киімі болған» деп елді шулатқан болатын.

Комментарий (0)
Добавить комментарий