УХАНЬДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕР ЕЛГЕ ЖЕТКІЗІЛДІ

Осы аптаның ең маңызды жаңалығы! Бүгін елге коронавирустың ошағы Уханьда қалып қойған студенттеріміз жеткізілді. Бәрі емес! 100-ге жуық азаматтың 80-ні. Қалғандары өз еркімен Қытайда қалыпты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Мамандар эвакуацияланғандарды Елордадан 7 шақырым жерде орналасқан емханаға орналастырған. Олар сонда 14 күн бойы карантинге жабылып, дәрігерлердің қарауында болады. Әуелі тексеруден, сосын коронавирустық тестілеуден өтеді.

Айтпақшы, студенттердің туған -туыстары мен ата-аналарына балаларының елге жеткізілгендігі жөнінде айтылды әрине! Бірақ, олармен байланысқа әзір шыға алмайды. Бұл рұқсат тек арнайы медициналық персоналдарға берілген. Сондай-ақ, Президенттің пәрменімен аспан асты еліне 13,6 тонна медициналық бұйымдар түрінде гуманитарлық көмек жеткізілді.

Белгілі болғандай қазір ондағы жағдай қиын! Осыған қатысты күні кеше Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы жаһанда төтенше жағдай жариялады. Ауру жұқтырғандар саны соңғы мәлімет бойынша 11 374! 260-тан астамын құтқарып қалу мүмкін болмады. Абырой болғанда бұл тізімде Қазақстан жоқ! Алайда, сандардың секунд сайын өзгеріп жатқандығын ескере отырып, сақтық шараларын қатаң ұстанған абзал екені айдан анық.

Қазір интернетке кіріп қалсаң коронадан көп сөз жоқ! Қазақшалап тағы тәж вирусы деп алдық оны! Қызыл кеңірдек айтыс! Тәж, тәж емес, бәрін қойшы, маңыздысы жағдай мәз емес!

Дүниежүзілік денсаулық ұйымы састы. Аурулар саны 11- мыңнан асты.

ЕЛЖАН БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ «ДДСҰ-ның басшысы осы ауру бойынша Қытай халық республикасындағы жағдайды қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай деп жариялады».

Халықаралық ұйымның дабыл қағуына себеп те жоқ емес! Соңғы рет коронавируспен Қытай 2002-2003 жылдары бетпе-бет келіпті. Бірақ аурудың емін тауып, жеңіпті. Қазіргідей адам шығыны болмаған ол кезде. Енді күресіп жатқан жетінші түрі бой бермей келеді. Неге?

ЕРІК БАЙЖҮНІСОВ, ӘМСҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Адамдарда өзгереді, вирустарда өзгереді. Оның түрлі себептері бар, бірақ бізді алаңдатып отырғаны оны климаттың өзгеруі. Климат неғұрлым жылыған сайын, бұрын ұмытылған вирус бактериялар қайта шығуы мүмкін ол бір. Екіншіден бізге тән емес, вирустар бар! Африка мемлекеттерінде. Жылы мемлекеттерде. Солардың бәрі бірте-бірте біздеде пайда болуы мүмкін».

Қысқасы, вирустар мутацияға ұшырап күшейіп барады жылдан жылға. Кешегі дәрің бүгінгі індетке шипа емес. Десе де, апта басында Гонконг ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты деген ақпар дүңк етті. Біздікілер мұны жоққа шығармады. Бірақ, аса қуана да

қоймады. Себебі, вакцинаны жетілдіру үшін бір жылға жуық уақыт қажет. ШОЛПАН КҮЛЖАНОВА, «АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ «Вакцина мен препараттар ойлап табу үшін уақыт тығыз. Бұл дерт науқастар көбірек тіркелген аймақтарда қарқынды зерттеліп жатыр. Қытайда, тағы басқа елдерде. Тиісінше, осы елдерде ем іздеу шаралары басталып кетті. Вакцина дайындау үшін тиісті база болуы керек. Үлкен клиника және материалдар, қажетті дәрі дәрмектер. Ал бізде вакцина дайындауға себеп жоқ».

Неде болса, жаңалық аурумен алысып жатқандардың көңіліне медеу болғаны рас.

Аспан асты еліндегі ахуал оңалды. Инфекция ошағы Уханьнің тіршілігіне қайта жан бітті.

«Это прям удивительно но автобусы запустили, значит скоро запустят и метро. Как же мне нравится что город Ухань сново оживает»

Енді елге жеткізіліп қойғандарға келсек. Қытайда эпидемия басталғалы Қазақстанға келген азаматтардың 80-пайыздан астамы тексерілді. Ішінде 66 адам коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жатқызылды..

ДИНАГҮЛ БАЕШЕВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ШТАТТАН ТЫС БАС ИНФЕКЦИОНИСТІ «Қазір 25 адам стационардан шығарылды, 41 адам ауруханада қалды. Барлық бақылаудағы ауруханалардан алынған сынамаларды қосымша зерттеу үшін Алматыдағы Әйтімбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберіп жатырмыз. Бұл орталық жаңа коронавирусты диагностикалайтын Полимеразды тізбекті реакция әдістемесін меңгерген».

Неде болса әліптің артын бағамыз енді! Жаман айтпай, жақсы жоқ, науқастардың бірінен коронавирус анықталған жағдайда,оған төтеп беретін дәрі-дәрмектің бәрі бар деді елде мамандар!

ДИНАГҮЛ БАЕШЕВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ШТАТТАН ТЫС БАС ИНФЕКЦИОНИСТІ «ДДСҰ ұсынған барлық дәрі дәрмек Қазақстанда бар!»

Десе де, ақхалаттылар сақтық шараларын ұстануды ұмытпаңдар деп қатаң ескертеді. Атап айтқанда.

Адамдар көп жиналған жерлерге бармау, түшкіріп-жөтеліп жүргендерге жоламау, гигиена талаптарын ұстану мен жеміс-жидегіңді жуып, етіңді қуырып жеу. Айтпақшы, бет пердеңді тастамағаның абзал. Бет перде демекші елде дефицит байқалады. Біраз дәріхананы аралап, көз жеткіздік.

Десе де, кеше ғана бақ беттерінде бұл мәселеге қатысты ақпар шықты! Жауапты министрлік дефицитті жою үшін Иран және Қырғызстан елінен қосымша бет перделерді жеткізуге қатысты келіссөздер жүргізіп жатқан көрінеді. Айтпақшы, аурудың алдын-алу үшін билік Қытай мен Қазақстан арасындағы жердегі де, көктегі де қатынасты уақытша тоқтатты.

Первый канал Евразия

Комментарий (0)
Добавить комментарий