Фото: NUR.KZ
Алғашында «арыз жазба» деп жалынған балабақша меңгерушісі кейін «қайда барсаң, онда бар» деп шығарып салған.
«Баламның жағдайы қазір қалыпты. Дәрігерлердің нұсқаулығымен үйден ем жасадық. Бізге балабақша тарапынан ешқандай көмек көрсетілген жоқ. Болған жағдайды баяндап полиция бөлімшесіне арыз түсірдім.
Қазіргі уақытта арыздың білім бөліміне түскенін айтады. Балабақша басшысы «қолыңнан келгенді жаса, сен ештеңе жасай алмайсың, біздің таныстарымыз көп» дегенді айтты. Біз ол балабақшада жоғары қызмет көрсету сапасы жоғары деп ойлап, қымбат болса да таңдаған болатынбыз. Басшыларының сөзі ыңғайсыздау болып тұр», — дейді бүлдіршіннің анасы Айдана Ақдәулетова.
Еске салсақ, жеті жерінен тістелінген кішкентай қыздың көзі көгеріп, ерні жыртылған. Анасы қорқып қалған қызын емшілерге де апарған болатын.
Ақтөбедегі «Келешек» жеке балабақшасының әр тобында алты баладан бар. Ата-аналар айына 40 мың теңгеден төлейді.