Новости на Newstaraz.

Қымбат балабақшада жеті жерінен тістелген бүлдіршіннің анасы жанайқайын жеткізді

newstaraz.kz

Фото: NUR.KZ

Ақтөбедегі «Келешек» жеке балабақшасында 1,5  жасар қыз баланы 2 жастағы ұл бала жеті жерінен тістеп тастаған болатын. Бұдан бері оны күн өтсе де, кішкентай Ділназ Әлібектің ата-анасы өз құқықтарын қорғай алмай жүр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Алғашында «арыз жазба» деп жалынған  балабақша меңгерушісі кейін «қайда барсаң, онда бар» деп шығарып салған.

«Баламның жағдайы қазір қалыпты. Дәрігерлердің нұсқаулығымен үйден ем жасадық. Бізге балабақша тарапынан ешқандай көмек көрсетілген жоқ. Болған жағдайды баяндап полиция бөлімшесіне арыз түсірдім.

Похожие статьи

Қазіргі уақытта арыздың білім бөліміне түскенін айтады. Балабақша басшысы «қолыңнан келгенді жаса, сен ештеңе жасай алмайсың, біздің таныстарымыз көп» дегенді айтты. Біз ол балабақшада жоғары қызмет көрсету сапасы жоғары деп ойлап,  қымбат болса да таңдаған болатынбыз. Басшыларының сөзі ыңғайсыздау болып тұр», — дейді бүлдіршіннің анасы Айдана Ақдәулетова.


Фото: NUR.KZ

Еске салсақ, жеті жерінен тістелінген кішкентай қыздың көзі көгеріп, ерні жыртылған. Анасы қорқып қалған қызын емшілерге де апарған болатын.

Ақтөбедегі «Келешек» жеке балабақшасының әр тобында алты баладан бар. Ата-аналар айына 40 мың теңгеден төлейді.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »