«1 постым кемі 1 миллион! Оқырманым көбейген сайын, ставкам да өседі». Әлеуметтік желіде белсенді отандық жұлдыздар жарнама жасап-ақ миллионер атанып жүр. Бірақ нені, кімді жарнамалау керек? Оған басын қатырмайды, ақшасын төлеп берсең болды. Көбі тексермейді де. Арықтататын дәрі, шайларынан бастап, киім-кешек, тіл курстары, ломбард, банк, тіс емханаларына дейін. Өкініштісі, өнер адамдарына имандай сенген халықтың арасында опық жеп, алданып қалғандары да жетерлік. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
«Талтаңдасаң талтаңда, оқырманың көп болса истаңда». Біреудің ақшасын санаудан аулақпыз, бірақ айтпасаң тағы болмайды. Миллиондаған аудиториясы бар жұлдыздарға халық имандай сенеді. Оны кәсіпкерлер де жақсы біледі. Сол үшін қанша сұраса да төлеуге дайын. Ал өнер адамдары үшін де керегі сол ғой. Ақшасың төлесең болды, не нәрсенің болсын жарнамасын жасап беруге кетәрі емес. Оны өздері де жасырмай, талай жерде айтып та, жазып та жүр. Көбі тіпті тексермейді де. Жарнаманың түр-түрі әсіресе 4 млн оқырманы бар әнші Ерке Есмахан мен атышулы продюссер Баян Мақсатқызының парақшаларында екен.
«Решение в один клик. Здрааствуйте спасибо за заказ, ваше удобство, наше заботсво»
Алайда бұл жарнама дегендердің тек бер жағы ғой. Арықтататын, емдеп-жазатын дәрілерді де мақтап, маңына шаң жуытпайды. Алайда өзі ішіп жүріп, пайдасын көргеннен емес, ақшасы төленгеннен кейін.
«Мам, все давай улыбайся, ты у меня сегодня в качестве актрисы. Очень многие мне пишут что это не правда, я бы хотела поделиться, поотому что все хотят быть здоровыми, красивыми, у всех есть родители»
«Менің барлық балаларымның тісін мен дәл осы орталыққа тапсырдым. Себебі бұл жерде шынымен жоғары деңгейдегі мамандар екен. +0035- «Сондықтан мен өзімнің балаларыма тісімді емдеуге дәл осындай тамаша орталық тапқаныма ана ретінде қуанып отырмын. Және сол қуанышпаен сізбен бөлісе отырмын»
Оны әншілер шынымен тексерді ме, жоқ па, ол жағын білмедік. Бірақ бір нәрсе белгілі. Әнші Қарақат жарнамалаған тіс емханасының басы бәлеге қалды.
АНАСТАСИЯ ЗЕЛЕНАЯ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Менің қызымды стомотологиядық кабинетке кіргізді. Маған сыртта күте тұрсын деді. Ал 15 минуттан кейін кабинеттен дәрігер атып шығып, жедел-жәрдемді шақырды. Мен ештеңе түсінбедім. Қызыма не болды деп сұрадым. Алайда маған ештеңе айтпады. Тек жарты сағаттай өткеннен кейін ғана қызың комаға түсті деді».
Тісін емдетемін деп қызын Қарақат шаң жуытпай мақтаған элиталы стомотологиялардың біріне апарған елордалық Анастасияның міне үш апта болды ұйқысы қашты. Дәрігердің салғыртығынан қызы комаға түскен. Әлі күнге дейін жағдайы ауыр. Ал бұл оқиғадан кейін емханада арнайы тексеріс жүргізген құзырлы органдар көптеген заң бұзушылықтарды анықтаған еді. Ал әншінің өзі қандай да бір пікір білдіруден бас тартты. Қызығы әншілердің я вайнерлердің не жарнамалап жүргендерін ешкім тексермейді, сүзгіден өткізбейді. Әркім өзі қожа, өзі би екен.
Алайда, өзгенікін емес, өзінікін жарнамалап, өнімін парақшасы арқылы халыққа сатып жүргендері де жоқ емес.
«Ауылға да «Төреш шай келді деп, ордасын талай-ау сайлаған. Сары самаурын ақ құман е-хей»
«Кең дастарханы жайнаған деп» басқалардыкін әбден жарнамалап біткен Төреғали енді өзі өніміне көшті. Тек Қазақстанды ғана емес, көрші Ресей мен Қытайды бағындырған Димаш та қалыспайды. Ол шәйімен қатар иіс суын да шығарды. Осындайда Қайрат Нұртас шетте қалсын ба?
Хиті болған «Юниверс» әніне арнап, дәл сондай атпен иіс су шығарды. Алайда халыққа ұнай қоймады. Бағасы да, жалпы иісі де. Бірақ, сонда да асыға алып жатыр. Неге? Сұрасаң, танымал әншінің өзі шағырып, мақтап отыр ғой, қалай алмайсың дейді.