Ёлка есімді мұғалім. Фото: pavlodarnews.kz
Ёлка Сейтбайқызы 1984 жылдың 29-шы желтоқсанында Моңғолияның Улан-Батыр қаласында дүниеге келген. Сол күні ата-анасы тұрған жерде жаңа жылдық шырша мерекесі өтіп жатқан. Олар бірден мерекенің құрметіне қызының есімін Ёлка деп қойған.
Жасы 32-ден асқан Ёлка Баянауыл ауданындағы Ж.Аймауытов атындағы орта мектептің түлегі. Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледжді бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдап, сегіз жылдан бері Пограничник ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектепте жұмыс істейді. Үш баланың анасы.
Ёлка есімді мұғалім. Фото: pavlodarnews.kz
«Мектепте және колледжде оқып жүрген кезімде атыма байланысты көп қызықтар орын алатын. Жаңа жыл кезінде дос-құрбыларым «бізде шырша дайын тұр, оны сатып алудың қажет жоқ» деп қалжыңдайтын. Қазір де таныстарымның бәрі алдымен маған хабарласып, жаңа жылмен құттықтайды. Өйткені, атым Ёлка болғандықтан ұмытылмайтын секілдімін. Бала кезімде есімімнің бұлай болғанына ыңғайсызданып, ауыстырғым келетін. Ал, қазір керісінше осылай аталғаныма қуанамын», — дейді Ёлка Сейтбайқызы.
Айта кетейік, Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің хабарлауынша Қазақстанда 44 адамға Елка есімі берілген. Сондай-ақ, тағы 34 адам Ёлка транскрипциясымен тіркелген. Ведомство өкілдері Жаңажыл есімді 5 адамның бар екенін айтты.
Жаңажылдық есімдердің арасында Ақшақар да бар. Елімізде 6 адамның есімі Ақшақар. Ал үш адам Ақшақар транскрипциясымен тіркелген болып шықты.