Новости на Newstaraz.

Жаңа жыл қарсаңында дүниеге келген ұстазға ата-анасы ерекше ат қойған (фото)

newstaraz.kz

Ёлка есімді мұғалім. Фото: pavlodarnews.kz

Павлодар облысы Ақсу қаласының Пограничник ауылдық аймағында ерекше есімді жандардың бірі Ёлка деген мұғалім тұрады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ёлка Сейтбайқызы 1984 жылдың 29-шы желтоқсанында Моңғолияның Улан-Батыр қаласында дүниеге келген. Сол күні ата-анасы тұрған жерде жаңа жылдық шырша мерекесі өтіп жатқан. Олар бірден мерекенің құрметіне қызының есімін Ёлка деп қойған.

Жасы 32-ден асқан Ёлка Баянауыл ауданындағы Ж.Аймауытов атындағы орта мектептің түлегі. Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледжді бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдап, сегіз жылдан бері Пограничник ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектепте жұмыс істейді. Үш баланың анасы.

Похожие статьи

Ёлка есімді мұғалім. Фото: pavlodarnews.kz

«Мектепте және колледжде оқып жүрген кезімде атыма байланысты көп қызықтар орын алатын. Жаңа жыл кезінде дос-құрбыларым «бізде шырша дайын тұр, оны сатып алудың қажет жоқ» деп қалжыңдайтын. Қазір де таныстарымның бәрі алдымен маған хабарласып, жаңа жылмен құттықтайды. Өйткені, атым Ёлка болғандықтан ұмытылмайтын секілдімін. Бала кезімде есімімнің бұлай болғанына ыңғайсызданып, ауыстырғым келетін. Ал, қазір керісінше осылай аталғаныма қуанамын», — дейді Ёлка Сейтбайқызы.

Айта кетейік, Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің хабарлауынша Қазақстанда 44 адамға Елка есімі берілген. Сондай-ақ, тағы 34 адам Ёлка транскрипциясымен тіркелген. Ведомство өкілдері Жаңажыл есімді 5 адамның бар екенін айтты.

Жаңажылдық есімдердің арасында Ақшақар да бар. Елімізде 6 адамның есімі Ақшақар. Ал үш адам Ақшақар транскрипциясымен тіркелген болып шықты.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »