Қарағанды облысында оқушыны желкеден түйген мұғалім жұмыстан қуылды
Қарағанды облысында 9-шы сынып оқушысын тыңдамағаны үшін желкеден түйген мұғалім жұмыстан кетті деп.
Өйткені тентек баланың анасы білім бөлімі мен полицияға арызданып, ғаламторға бейнетаспа жариялаған.
Оқушының шешесі де – осы мектептегі химия пәнінің мұғалімі. Ал таспаға түскен ұстаз былтырға дейін мектепті 9 жыл басқарған көрінеді. Ұжымындағылар үстінен үнемі арызданған соң, қарапайым мұғалімдікке түскен екен.
Енді айғайға аттан қосқан әріптестері 48 жастағы ұстазды жұмыстан қуып тынды. Осыдан кейін, баланың миы шайқалды деп полицияға түсірілген арыз да кері алыныпты.