Қазақстан совет заманының әскери техникасын шетелге сатпақ
Қазақстан совет заманының әскери техникасын жаңартып сатады. Бұл туралы парламент мәжілісінің отырысында қорғаны және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.
Министрдің сөзіне қарағанда, елдегі әскери бөлімдерде совет заманына қалған ескі әскери техника көп. Оларды жөндеп, жетілдіріп, экспортқа шығару ұсынылды. Ал өтпейтіндерін жою қажет. Бұның барлығы ел ішінде қарудың қара базарын қалыптастырмау үшін қажет.
Бұған қоса іске жарамсыз қару-жарақтарды және әскери техниканы сату ерекшеліктерін заңда көрсету керек. Соның есесінен елдің қорғаныс-өнеркәсіп кешендерін жаңартуға болады дейді министр.
newstaraz.kz