Қазақстандағы ең «жемқор» облыстардың тізімі жарияланды
Көрнекі фото: mk-kz.kz
«Қазір мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстан көптеп қуылуы проблемаға айналып келеді. Олардың жартысынан астамы жемқорлық әрекеттері үшін қызметтен кеткен. Жемқорлыққа жол беретіндердің көбі қаржы, әділет және ауыл шаруашылығы министрліктерінің облыстардағы өкілдері. Ең жиі пара алып, жемқорлық қылмысына жол беретіндер Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай және Жамбыл облыстарының мемқызметкерлері», — дейді Агенттік төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова.
Оның айтуынша, елімізде жемқорлыққа қарсы күрес әлі де күшейетін болады.
«Облыстардағы департаменттер әлі де болса алдын алу шараларын күшейтулері қажет. Жемқорлыққа қарсы шаралардың барлығын толық пайдалануымыз қажет», — деді Шаимова сөзін қорытындылай келе.
newstaraz.kz