Новости на Newstaraz.

Қазақстанда жоғары оқу орнында оқи жүріп жеке бизнесін бастаған студенттер кімдер?

newstaraz.kz

Қазақстанда жоғары оқу орнында оқи жүріп жеке бизнесін бастаған студенттер аз емес.

Олардың біріне жақындары көмектескен, енді бірі өзінің жиған-тергенін салған деп хабарлайды Азаттық.

Азаттық тілшісімен тілдескен алматылық кәсіпкер жастардың бәрі қазір стипендиямен күн көру қиын екенін, сондықтан жеке бизнестерін бастап кеткендерін айтады.

Ивент агенттігінің қожасы

Қазақстан инжнерлік-технологиялық университетінің төртінші курсында оқып жүрген Абай Бағдатұлының болашақ мамандығы «Стандарттау, сертификаттау және метрология» деп аталады. Бірақ 21 жастағы жігіт жеке кәсібін әлден-ақ бастап кеткен.

«Өткен жылы ивент агенттігін құрдым. Қазір қалада өтетін тойлардан тапсырыс алып, барлық дәстүрлі жоралғыларды өткіземін. Сонымен қатар үлкен концерттерді ұйымдастыруға тапсырыс аламын», – дейді ол.

Абай Бағдатұлы ұйымдастыру жұмыстарына бала күнінен бейім болғанын айтады. Ол «2012 жылдан бастап биылға дейін Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдігі жанынан құрылған жастар ұйымының бөлім басшысы болып қызмет еткенімнің де пайдасы болды» дейді.

Қазіргі оқуын «қосымша мамандық ретінде ғана керек» деп сипаттаған жігіттің сөзінше, бизнесінің табысы жаман емес.

«Байытып жібермесе де, жалға алған офистердің арендасы мен тойға киіп шығатын киім-кешектерге, безендірулерге жетеді», – дейді ол.

Мейрамхана ашқан студент

Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарының бірінде соңғы курста оқитын Еркебұлан Мәкенов жақында өз кәсібін бастап, мейрамхана ашқан. Мейрамханада тек қазақ халқының ұлттық тағамдары мен сусындары әзірленеді.

Кәсіпкер студенттің айтуынша, бұрын мейрамханаларда даяшы болып істеген, ресторан жұмысымен таныс болғандықтан, көлік алам деп жинаған ақшасына таныстардан қарыз алып қосып, кәсіпті биыл бастаған. Студент мейрамхана ғимаратын жалдап отырғанын айтады.

Еркебұлан Мәкеновтің сөзіне қарағанда, бизнесінің сабағына қатты бөгеті жоқ. Ол бірінші мейрамханасынан түскен пайдаға екіншісін ашып жатқанын да айтты.

Би студиясының иесі

Алматыдағы университеттердің бірінде заңгер мамандығын оқып жүрген Ақтөре Асқарұлы да – жеке бизнесі бар жастардың бірі. Би студиясы бар жігіт өзін «эстрада және вокал, цирк өнері және хореография мамандығы бойынша үш дипломым бар» деп таныстырды.

«Қазір көбінесе бимен айналысамын. Өйткені би – қазіргі кезде сұранысқа ие жобалардың бірі. Сондықтан осы салаға көбірек уақыт бөлемін. Арасында цирк өнерімен жұмыс істеймін. Оған қоса, аптасына екі мәрте ресторанда жанды дауыста ән айтамын», – дейді Ақтөре Асқарұлы.

Көпке дейін тегін жұмыс істеп келгенін айтқан жас жігіт «мамандығымды кәсіпке айналдыруға кіріскеніме бір жыл ғана болды» дейді. Ақтөре де қалада өтетін жиын-тойлар мен концерт-кештерге қатысып, әртүрлі стильдегі билерді көрсетеді.

Туристік компания басшысы

Ал экономика және статистика академиясының үшінші курсында «Есеп және аудит» мамандығы бойынша білім алып жүрген Аяулым Сарқытбекқызының жеке бизнесін бастағанына жарты жыл болған. Ол қазір әпкесінің туристік компаниясына иелік етеді.

«Тәтем өзінің жеке жұмыстарымен басқа жаққа кетті. Кетерінде компаниясын маған табыстап, жарты жылдай жұмысты қалай жүргізу керегін үйретті. Кәсіпті дамыту үшін сырттай оқуға ауыстым», – дейді ол.

Аяулым Сарқытбекқызы Азаттық тілшісі барған кезде жұмыс орнында жалғыз өзі ғана отырды. Қыстың бірнеше айында жұмыстары уақытша тоқтайтынын айтқан жас кәсіпкер «Күн жылына жұмысымыз қызады, тіпті кей күндері үлгере алмай, түнімен отыратын уақыттар да болады» дейді.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, Қазақстанда 18-35 жастағы жастардың саны 5 миллионнан асады. Бірақ олардың қаншасының жеке кәсіпкерлікпен айналысып жүргені жөнінде дерек жоқ.

 


 

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »