Чемпиондардың жүрегін жаулаған қыз: Анна мен Даниярды не байланыстырады? (фото)
30 сәуір күні көркем гимнастикадан Азия чемпионы Анна Алябьева өзінен 13 жас үлкен азаматқа тұрмысқа шықты. Осы орайда, NUR.KZ порталы Альябьеваның ел есінде қалған сәттерін тізіп көрген болатын.
Анна Алябьева көркем гимнастикадан Азия чемпионаты мен Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Алайда, Олимпиада ойындарында оның жолы болған жоқ. 2012 жылы Лондон Олимпиадасында ол іріктеу кезеңінен финалға өте алмады.
Анна Алябьева Азия ойындарының чемпионы. Фото. np.kz
Көркем гимнастика спорттың өте қиын түрі саналады. Әсіресе, лентамен жаттығу гимнастшылар үшін оңайға соқпасы белгілі. Бұл қиындық Аннаны да айналып өткен жоқ. Халықаралық турнирлердің бірінде ұзындығы алты метрге жететін лента Аннаның шашына оратылып, ол залдан жылап шықты.
Анна Алябьева елбасының қолын алуда. Фото: vesti.kz
Олимпиада ойындарынан соң спорттық мансабын аяқтаған гимнастшы өзін көптеген салада сынап көрді. Алдымен отандық телеарналардың бірінде спорт жаңалықтарын жүргізді. Кейін Астана қалалық мәслихат депутаты атанды. Мерекелік кештерді де жүргізіп көрген Алябьева бүгінде өзінің спорт мектебін ашқан.
Көпшілікті сымбатты бойжеткеннің жеке өмірі де қызықтыратын. Жанкүйерлер алғашында Аннаны боксшы Данияр Елеусіновпен жүреді деп болжады. Қос спортшы да 2010 жылғы Азия ойындарында чемпион атанды.
Анна Алябьева мен Данияр Елеусінов. Фото: lvest.kz
Осыдан соң, желіде Анна мен Даниярдың бірге түскен суреттері жиі жариялана бастады. Тіпті, екеуі белгілі журналдың мұқабасына да бірге түскен болатын.
Анна Алябьева мен Данияр Елеусінов. Фото: Twitter
Алайда, Данияр мен Анна бір-бірімен доспыз деуден әріге барған жоқ. Бүгінде Данияр отбасын құрып, ұлды болып үлгерген. Ал sports.kz порталының жазуынша, Даниярдың Аннамен бірге болуына боксшының отбасы қарсы болыпты.
Анна Алябьева мен Данияр Елеусінов. Фото: prosportkz.kz
Осыдан соң, Анна Алябьева мен 1996 жылғы Атланта Олимпиадасының чемпионы Юрий Мельниченко көңіл қосты деген сыбыс тарады. Спортшы қыз желідегі парақшасына Мельниченкомен түскен суреттерін тынбай жариялады. Алайда, көп ұзамай барлық фотоларды өшіріп тастады.
Анна Алябьева Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченкомен. Фото: vesti.kz
Анна Алябьева Шымкент қаласында дүниеге келген. Оның әкесі танымал кәсіпкер, бүгінде қызының көптеген жобаларына көмектесуде. Ал Анна Алябьева 30 сәуір күні 36 жастағы Нұрлан есімді азаматқа тұрмысқа шықты.
Анна Алябьева. Фото: yaplakal.com
Спортшы қыздың тойын көпшілік ертегіге балауда. Ол тойында үш рет көйлек алмастырған. Ал бір көйлегінің құны үш бөлмелі пәтермен тең деушілер бар.
newstaraz.kz