Данэлия Төлешова Украинаның «Голос. Дiти» конкурсының финалына шықты
Данэлия америкалық әнші Андра Дейдің Rise up атты композициясын орындады.
Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова Украинаның «Голос. Дiти» конкурсының финалына шықты, — деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Жексенбі күні телеарнада конкурстың жартылай финалы көрсетілді.
«Сенгім келмейді, мен — финалдамын!!! Қолдағандардың барлығына, әсіресе ұстазым Дима Монатикке шексіз алғыс айтамын», деп жазды жас әнші Инстаграмдағы парақшасына.
Алматының 10 жастағы тумасының өнерін тамашалаған қарсыластары да, ұстазы да, қазылар алқасы да сезімдерін жасыра алмады.
Данэлия жартылай финалда америкалық әнші Андра Дейдің Rise up атты композициясын орындады.
newstaraz.kz