Новости на Newstaraz.

Күйеу жігіт тойына келмеген қонақтарды сотқа берді

newstaraz.kz

Күйеу жігіт. Көрнекі фото Xvatit.com

Әзірбайжанда күйеу жігіт тойға келмеген қонақтарды оларға әзірленген мейрамханадағы орындардың барлығын өзі төлегені үшін сотқа бергенін glavnoe.ua сайты жазды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Әзірбайжан халқының салты бойынша тойға шақырылған қонақтар ақшалай сыйлықтар әкеліп, тойға жалданған мейрамхананың шығынын жабуға тиіс.

Жақында өзінің тойын тойлаған әзірбайжандық азамат некелесу қуанышына орай мейрамханаға келмеген 15 адамды сотқа берген. Ол өзінің арызында 865 доллар көлемінде төлемақы төлеулерін талап етеді. Той иесі мейрамханаға келмеген қонақтардың орындарын өз қалтасынан төлеуге мәжбүр болғанын алға тартыпты.

Әзірбайжан халқының салты бойынша тойға келген қонақтар тойға арналған мейрамхананың шығынын толықтай жабуы тиіс. Оның ішіне дастархан мәзірі де кіреді. Некелесу қуанышына қонақтарының келмей қалуы себепті, жас жігіт қиын жағдайға тап болған. Арызданушының айтуынша, ол өзін шақырған тойдан қалмайды. Қалтасында ақша болмай бара жатса, қарызданып болсын баруға тырысатынын айтып салды.

Сот өз тарапынан арызданушының бұл арызын қабылдай алмады. Себебі, тойға арналған мейрамхананы қонақтардың жабуы тек қана салт болып табылады. Ал заңда жастарға бұндай жайттар қарастырылмаған. Сондықтан, тойға келмеген қауымға қатысты шара қолдану мүмкін болып табылмады.

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »