Павлодарда ер адам бетон плитаның астында жаншылып қалды
Көрнекі фото: proproekt.su
Павлодарда ер адам бетон плитасының астында қалып, мерт болды. 57 жастағы жұмысшының денесін алып шығу үшін оқиға орнына құтқарушыларды шақыруға тура келген деп хабарлайды КТК арнасы.
Қайғылы оқиға шаһар сыртындағы өнеркәсіп аумақтарының бірінде болды. Гараж құрылысы кезінде мұндағы бетон плиталардың бірі іште жүрген жұмысшының үстіне құлап кетіп, ол оқиға орнында жан тапсырған.
Ал жаншылып қалған денені құтқарушылар сыртқа кранмен зорға алып шықты. Қазір тексеріс жүргізілуде. Бірақ, қайғылы оқиғаға нақты кімдердің жауап берері әзірге белгісіз.
newstaraz.kz