Студенттерден пара алған заң факультетінің ұстазы көпшіліктің алдында әшкере болды
Көрнекі сурет. Фото: Аргумент
Аталған университеттің түлегі жоғары оқу орнында бұдан бірнеше жыл бұрын сессия кезінде парақорлық жайтының орын алғанын жасырмай айтып берді. Дегенмен, студенттер өз құқығы үшін барынша күресіп, университет басшылығымен бірге бұл мәселені шешуге атсалысқан.
Есімін жасырған филология факультетінің түлегі бірінші курста «Құқықтану» пәнінен сабақ берген екі бірдей оқытушының студенттер алдында қалай әшкере болғанын есіне түсірді.
«Қосымша пәндердің бірінен бізге Заң факультетінің екі оқытушысы сабақ берді. Бірі лекция оқыса, енді бірі семинар қабылдайтын. Сессия жақындаған уақытта сол пәннің емтихан сұрақтары мен жауаптары бізге таралып кетті. Содан студенттердің 90 пайызы емтиханды өте жақсы тапсырып шықты. Оқытушылар бұл нәтижеге сенбеді. «Бұлай болуы мүмкін емес», — деп бізге емтиханды қайта тапсыратынымызды айтты. Соңғы емтихан болатын. Студенттердің көбісі ауылдарына қайтып кеткен. Сондықтан біз бұған келіспедік», — дейді университет түлегі.
Емтихан үстінде де қызық жағдай болған. Емтихан қабылдаушылар бір студентті тест сұрақтарының барлық жауаптарымен ұстап алған. Ал студент сабақтың 50 пайызына қатыспағанын, өзінің пара бергенін, сөйтіп осы емтиханға кіргенін бүкіл топ алдында жайып салған.
«Мен бұл сабақтың 50 пайызына қатыспағанмын. Оны жөндеу үшін бір бала арқылы ақша бергенмін. Мен сіздермен тікелей сөйлескен жоқпын. Бірақ екеуіңіздің біріне бергенін біліп тұрмын», — деп қойып қалды студент.
«Екі оқытушы да пара алғанын мойындамай қойды. Содан соң біз екі факультеттің деканын шақырып, осы мәселені қарадық. Емтиханды қайта тапсырмайтын болдық. Олар мойындаған жоқ. Бірақ емтиханды қайта тапсырмайтын болдық. Сөйтіп, Заң факультетінің деканы ендігі уақытта сол екі оқытуышының біздің факультет студенттеріне сабақ бермейтіндей етіп қойды», — парақорлықтың куәсі болған университет түлегі.
Оның айтуынша, жоғары оқу орындарында параны тікелей емес, ортадағы делдалдар арқылы алдырады.
Университет түлегі парақорлық мәселесінің алдын алуға студенттер де атсалысуы тиіс екенін тілге тиек.
«Сонда ғана бұл мәселе түбегейлі шешілмек, егер барлығына көз жұма қарасақ, онда білім де, жүйелілік де болмайды», — деді ол.
newstaraz.kz