Ыстамбұлдағы түнгі клубқа шабуыл жасаған лаңкес өзін өлім жазасына қиюды сұрады
Қылмыскерү Фото: 24.kz
Машариповтың айтуынша, оған түнгі клубқа шабуыл жасау туралы бұйрықты өзі бұрын-соңды көрмеген Абу Джихад атты адам берген. Артынша ол осы мақсатта автомат қару мен гранаталарды курьер арқылы алған.
Естеріңізге сала кетсек, 1 қаңтар күні белгісіз ер адам Ыстамбұлдағы «Рейна» түнгі клубына баса-көктеп кіріп, келушілерге қарсы қару көтеріп, 39 адамды қырып салған болатын. Артынша лаңкесті Ыстамбұлдың Есенюрт ауданында қолға түсірген полиция оның Абдулгадир Машарипов екендігін анықтады.
newstaraz.kz