Новости на Newstaraz.

Өзбекстанда «Гитлер» генерал ұсталды

newstaraz.kz

Өзбекстанда Ташкент облысының бұрынғы әкімі, генерал Ахмаджон Усмановты тұтқындалды.

Озбырлығы үшін жергілікті халық оны «Гитлер» деп атап кеткен деп хабарлайды Азаттық.

Өзбекстанның Ташкент облысының бұрынғы әкімі Ахмаджон Усмановты 21 ақпанда ұстап әкеткен. Құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасаған Азаттықтың Өзбек қызметінің хабарлауынша, оны уақытша қамаған. Бірақ Усмановты ұстап әкеткеніне үш тәуліктен асқан, ал оны босататыны немесе қамау мерзімін ұзартылатыны жайлы ақпарат жоқ.

«Ресми тергеуді әскери прокуратура жүргізіп жатыр. Өйткені Усманов – генерал шені бар офицер. Бірақ іс жүзінде тергеу амалдарын ҰҚҚ-нің (ұлттық қауіпсіздік қызметі) экономикалық қылмыстар жөніндегі тергеушісі жүргізіп жатыр», – деп хабарлады Усманов ұсталғаннан кейін Азаттықтың Өзбек қызметінің дереккөзі.

Азаттықтың Өзбек қызметіне тағы бір адамның айтуынша, Ахмаджон Усмановтың үстінен қылмыстық іс ақпанның ортасында қозғалған, бірақ қандай статуста тергеуге іліккені белгісіз болғандықтан, оны бірден ұстамаған.

«Туыстары оған үйқамағы түріндегі бұлтартпау шарасын қолданар деп үміттенген. Бірақ жексенбі күні кешкісін оны үйден алып кетіп, ҰҚҚ-нің Гвардия көшесіндегі тергеу абақтысына апарып жапқан. Тұтқындаған кезде «мәймөңкелемеген». Беттеріне қара бетперде киген адамға толы автобус келді, олар тіпті автобустан да шыққан жоқ. ҰҚҚ-нің екі қызметкері мен бір солдат оны үйден қолына кісен салып шығарды. Біріншіден, алғашқы тергеу кезінде Усманов мемлекетке келтірген материалдық зиянды өтеуге уәде еткен. Екіншіден, әзірше сот болған жоқ. Сондықтан Усманов куәгер ретінде, ары кеткенде күдікті ретінде тергеліп жатыр», – дейді Ахмаджон Усмановтың бұрынғы шенеунік танысы Азаттықтың Өзбек қызметіне.

Ел президентінің айыптауы

Ахмаджон Усмановты Ташкент облысы әкімі қызметінен 4 ақпанда босатып, іле-шала Өзбекстан парламенті сенатынан да шығарған. Елдің орталық сайлау комиссиясының шұғыл отырысында «Ахмаджон Усманов Ташкент облысын басқарған кезде қызмет бабын асыра пайдаланған, облыстағы басшы қызметтерге жақын туыстарын тағайындаған» деп мәлімделген.

Ресми баспасөз «халықтың үмітін ақтай алмағаны» және «жаңа жұмыс орындарын ашпағаны» үшін Усмановты сынаған ел президенті Ислам Каримовтың сөздерін келтірген. УзА ақпараттық агенттігі дерегінше, Өзбекстан президенті Усмановты «өркөкірек, менмен әрі дөрекісің және қарамағыңдағы адамдардың пікірімен санаспайсың» деп айыптаған.

«Әріптестерің жоғалтқан сенімін қайтару өте қиын. Босқа әуреленбе. Жұрттың сенімінен бір айырылсаң, кейін мың рет кешірім сұрасаң да, олардың жүрегінде бәрібір қалады», — деген Ислам Каримов.

«Гитлер»

Самарқанның 59 жастағы тумасы Ахмаджон Усмановты милиция генерал-майоры шені бар тұңғыш облыс әкімі деп атайды. Ертеректе ол Наманған облысы мен Жизақ облысының Мырзашөл аудандық ішкі істер басқармасын басқарған. Ахмаджон Усманов 2006-2013 жылдары Әндіжан облысында әкім болған.

Әндіжан облысы әкімі кезінде Ахмаджон Усманов жергілікті халыққа асқан қатігездігімен танылған. Ол бұл қызметке 2005 жылғы Әндіжан қанды қырғынынан біраз уақыттан кейін тағайындалған. Кезінде жергілікті халық өкілдері Азаттықтың Өзбек қызметі мен Uzmetronom интернет-басылымына Усмановтың озбырлығын айтып, ол басқарған жылдары түрмеге түскендер мүлде көбейіп кетті деп шағымданған. Сондықтан Усмановты Әндіжан облысы тұрғындары Гитлер деп атап кеткен.

Ахмаджон Усмановтың басқару тәсіліне наразы жандар ол 2013 жылдың көктемінен бері басқарған Ташкент облысында да бар. Ташкент облысы Аққорған ауданында тұратын фермердің айтуынша, Ахмаджон Усманов жергілікті фермерлерге күн көрсетпеген.

«Былтыр ол жоспарды орындағаннан қалған астығымызды тартып алды. Ол жұртты боқтап, былапыттайды. Тіпті 80 жастағы фермерлердің өзін боқтап, оларға «сен» деп сөйлейді. Жұртпен милициядағы әдетімен сөйлеседі. Оның басқару тәсіліне жұрттың бәрі наразы», – дейді фермер Азаттықтың Өзбек қызметіне берген сұхбатында.

Ахмаджон Усмановтың қандай іс бойынша ұсталғаны және қандай статуста тергеуге іліккені әлі белгісіз. Өзбекстанның ресми баспасөзінің хабарлауынша, Ахмаджон Усмановқа жақын бір топ адамға «пара алды» деген айып тағылған. Азаттықтың Өзбек қызметі дерегінше, тергеу аясында Ташкент қаласы әкімі әрі Ахмаджон Усмановтың алыс ағайыны болып келетін Рахманбек Усманов «бақылауға алынған».


Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »