Новости на Newstaraz.

Алматыда тағы бір жүргізуші оқушыны басып өлтіріп, ізін суытқан (фото)

newstaraz.kz

Скриншот: КТК арнасы

Алматыда араға апта салмай, бала өліміне әкеп соқтырған тағы бір жантүршігерлік жол апаты болды. Кешкі уақытта жолаушылар жолағынан өтіп бара жатқан оқушыны бір көлік қағып кетіп, қатар келе жатқан екіншісі таптап өткен деп хабарлайды КТК арнасы.

Ауыр соққыдан бесінші сынып оқушысы сол жерде жан тапсырды. Ал жаяу адамды басып өткен жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

Сұмдық жол апаты өткен сенбі күні қар аралас жаңбыр жауған кеш қараңғысында болған. Жеткіншек жаяуларға рұқсат етілген жерден жолдың келесі бетіне өтпек болыпты. Алайда жолдағы адамды көрмеген бірінші жүргізуші оны қағып, екіншісі таптап өткен. Басып өткен көлік сол жерден тайып тұрған.

Похожие статьи

Жазатайым көз жұмған бала анасынан ерте айрылып, әкесінің қолында өскен екен. 5-ші сынып оқушысы былтыр ғана Астанадан Алматыдағы әкесімен бір туған әпкесінің қолына келіпті. Ал ізін суытқан екінші көлік алдын ала болжам бойынша қаладағы такси қызметтерінің біріне қарасты болуы мүмкін. Полиция өкілдері оны бір жарым сағаттан соң ұстаған. Алайда жүргізуші өзіне шаң жуытпады.

Жүргізушінің екеуі де қазір күдікті ретінде қамауға алынған. Олардың нақты кінәсі мен оқиғаның шын мәнінде қалай болғанын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл Алматыда жыл басынан бері адам өліміне әкеп соқтырған екінші ірі жол апаты. Екеуінде де оқушылар көз жұмып отыр. Айта кетсек, өткен аптада ғана Айнар Дәулеткелді есімді бірінші сынып оушысы мектеп жанында көлік қағып кетіп, қаза тапқан еді.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »