Новости на Newstaraz.

Атырау облысында дүниеге келген үшемдердің отбасы көмекке мұқтаж

newstaraz.kz

Атырау облысы, Ганюшкино поселкесінде тұратын Шамхановтар отбасында осыдан төрт ай бұрын үшем дүниеге келген болатын. Сол кезде 33 жастағы Самал бірден сегіз баланың анасы атанды.

Бұл туралы Ақ жайық басылымы хабарлайды.

Бұдан төрт ай бұрын Шамхановтар отбасы әр минут пен секундты сарғая сарыла күткенін естеріне түсіріп қояды. Үйдегі үлкен-кішінің көзі есікте болса, құлағы телефонда. Өйткені, екіқабат Самалды ауыр қалде облыстық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен алып кеткен еді. Гинекологтар Самалдың жүктілік мезгілінде үшем туралы айтқанда бастапқыда бәрі таңырқасып қалған.

«Анасы мен әкесінің тұқымында егіз бала болмаған. Үшем болады деп естігенде алғашында шошып қалдым да, бәрінің амандығын тіледім. Келінімді Атырауға алып кеткеннен кейінгі әр күн мен үшін қорқынышқа толы болды. Себебі, айы, күні жетпегендіктен арты қалай болады деп қатты уайымдадық», — дейді үшемдердің әжесі Мағрипа Шайхықызы.

«Сүйінші» хабар келгенде үйдегі балалар бір-бірін құшақтап, әжесі мен атасы қуаныштан көздеріне жас алды. Сәбилер жеті айлық болып дүниеге келді. Салмағы 1 кг 400 гр, 1 кг 520 гр, 1 кг 600 грамм болатын кішкене шақалақтар айрықша күтімге алынды.

Атасы мен әжесінің ұйғарымымен үш ұлға әлемге әйгілі азамат болсын, құдай тілеуімізді берді ғой деген ырыммен Әлемхан, Ерхан, Тілеухан есімдері берілді.

Похожие статьи

Көп кешікпей Самал үш сәбиімен Ганюшкиноға оралған, алайда, он шақты күннен кейін қатты сырқаттанған үшемді тікұшақпен Атырауға алып кетуге тура келді. Жаңа туған сәбилер ауруханада бір ай жатты.

Фото: azh.kz

«Үйіміз кішкентай әрі салқын болғандықтан ауруханадан шыққалы бері атамыздың үйінде тұрып жатырмыз. Олар бір бөлмені үшемдерге деп әдейі әзірлеген. Ұлдар ауырып қалмауы үшін енем барлығын қатты қадағалады. Мен атам, енем және қайын апам Дана болмаса, оларды қалай бағатын едім. Олар жыласа, бірге жылайды, сүттерін де қатар ішеді, бір мезетте жөргектерін ауыстыру қажет болып қалады кейде», — дейді «Алтын алқалы» ана Самал Шамханова.

Бір ғана қиындық бар. Отағасы жұмыссыз. Көпбалалы отбасы балалар жәрдемақысы және туыстарының көмегі арқасында күн көріп келеді. Ал, отбасы шығыны көп.

Сәбилер жасанды сүт ішеді. Күніне екі «Нестожен» қорабы керек болса, оның біреуі дүкенде 1 400-1 500 теңге тұрады. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1 жасқа дейінгі баланы жасанды сүтпен қамтамасыз ету бір айдан бері тоқтап қалған. Сондықтан, тек сүтке күніне үш мың теңге жұмсалады. 80 жөргек бір аптаға ғана жетеді. Бұдан бөлек, басқа қажеттіліктер де жетіп артылады.

Самал мен Дидарбектің балаларының үлкені Қаламқас 8-ші сыныпта оқиды, анасының қолқанаты. Інілеріне қарасып, сүт дайындауға көмектеседі. Балақайлар әр үш сағат сайын сүт ішеді. 3-ші сыныпта оқитын Ұлжан да анасына көмектеседі. Және Аружан, Ерасыл, төрт жасар Мәдина да бар.

Отбасы көмекке мұқтаж, шағын үй оларға енді таршылық етеді. Ал, жаңасын салуға қаражат жоқ. Құрманғазы ауданы әкімдігі қосымша бөлме салып, жылыту қазанын ауыстыруға демеушілікпен көмектесеміз деп уәде берген.



newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »