Новости на Newstaraz.

Халқы аш отырған Зимбабве президенті туған күніне екі миллион еуро жұмсады

newstaraz.kz

Роберт Мугабе

Зимбабве президенті Роберт Мугабе өзінің 93-ке толған туған күніне қарсы ауқымды салтанатты іс-шаралар өткізді. Шаралардың барлығы Булавайо қаласынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан Матобо табиғи паркінде өтті деп жазады шетелдік басылымға сілтеме жасап Skifnews.kz.

Басылымнң хабарлауынша, президенттің туған күнін тойлауға 2 миллион еуро жұмсалған.

Мугабені құттықтауға бірнеше мың адам келген. Олардың басым бөлігі Зимбабве африкалық ұлттық одағы партиясының өкілдері. Қонақтарға салмағы 93 келі тартатын торт ұсынылды.

Похожие статьи

Мугабе болса салтанатты шара кезінде 1 сағаттан астам тоқтамай баяндама оқыған. Ол өзінің 37 жыл бойы елді басқарып келе жатқанын айтып, билікті өлгенше ешкімге бермейтінін мәлімдеді.

Естеріңізге салайық, 2016 жылдың қыркүйегінде Мугабе өзіне арналған ескерткіштің ашылуына қатысқан болатын. Ал, желтоқсанда 2018 жылы өтетін президенттік сайлауға тағы да қатысатынын ресми хабарлады. Оның әйелі болса сайлауға дейін Мугабе қайтыс болса, саяси науқанға оның мәйіті қатысады деп жұрттың жағасын ұстатты.

Айта кету керек, Зимбабве әлемдегі ең кедей елдердің бірі. Ұлыбританиядан 37 жыл бұрын тәуелсіздігін алған уақыттан бері елді Роберт Мугабе басқарып келеді.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »