Новости на Newstaraz.

ОҚО-да 3 жасар бүлдіршінді ажалдан аман алып қалған оқушы марапатталды

newstaraz.kz

ОҚО-да 3 жасар бүлдіршінді ажалдан аман алып қалған оқушы марапатқа ие болды деп хабарлайды КТК арнасы.

Оңтүстік Қазақстанда 4-ші сынып оқушысы, Қосағаш ауылында тұратын 11 жасар Мұхамедәли Құрақ Келес өзенінде ағып бара жатқан 3 жасар қыз баланы ажалдан аман алып қалған еді. Ержүрек баланы аудан басшыларынан бастап, облыстық Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері де құттықтап жатыр.

ОҚО-да 3 жасар бүлдіршінді ажалдан аман алып қалған оқушы марапатталды
Похожие статьи

Сала басшыларының дипломдарынан бөлек жеткіншекке аудан атқамінерлері велосипед мінгізді. Тіпті, Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін ведомстволық марапатқа ұсынылыпты. Жалпы Мұхамедәлидің әрекетін ауылдың жас-кәрісіне дейін жыр қылып айтып жүр. Жауынды күні ауыл ортасымен ағатын Келес өзені тасып, жағасында ойнап жүрген 3 жасар Ақтілек суға кеткен.

Бүлдіршіннің ағып бара жатқанын көзі шалған Мұхамедәли оның артынан өзенге секіреді. Қыз баланы алып шыққан соң тұншыққан бөбектің кеудесінен басып, суын шығарыпты. Дәрігерлер көмек дер кезінде көрсетпегенде бүлдіршіннің өліп кетуі мүмкін еді дейді. Ал Мұхамедәлидің өзі алғашқы медициналық көмек көрсетуді кинодан көріп үйреніпті.

«Суға түсіп, сыртқа жағаға шығардым. Одан кейін іші суға толып қалыпты. Кеудесінен бастым, аузынан шөп-шалам, қап-қара ағаштың бұтақтары шықты. Ақтілек есін жиды», — дейді Қосағаш ауылының тұрғыны Мұхамедәли Құрақ.



newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »