Новости на Newstaraz.

Шымкент әкімі «Алла жіберген елбасының» саясатына сенуге шақырды

newstaraz.kz
Фото: otyrar.kz

Бүгін Шымкенттегі қалалық мешітке жұма намазын оқуға жиылған жамағаттың алдына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов шығып сөз сөйледі.

Бұл туралы oinet.kz хабарлайды.

Похожие статьи

Өзінің әңгімесін «бисмилахи рахмани рахим» деп бастаған әкім алдымен өзін таныстырып, бұдан кейін елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа сіңірген еңбегіне, атқарған жұмыстарына тоқталды.

«Біз ешкімге құл болмай, жалынбай өмір сүріп келе жатырмыз. Кеңес одағы тараған кезде Қазақстан экономикасы төмен елдердің бірі еді. 25 жыл ішінде ТМД-дағы ең бай ел болдық. Америка, Еуропамен бірдей елміз. Елбасы Отанымызға ең жаншыр тұлға. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған ел. Елбасының саясатының арқасында шекарамызды шегендеп алдық»,- деген әкім бұдан кейін: «Біз бәріміз алдымен Аллаға сенеміз, одан кейін Алла жіберген елбасының саясатына сенуіміз керек», — деді.

Әбдірахымов сондай-ақ, елбасының тікелей тапсырмасы бойынша Шымкентте жолдар салынып жатқанын, 3-4 жылдың көлемінде қаланың ең басты проблемаларының бәрі шешіліп, Шымкент Алматы, Астана сияқты үлкен қалаға айналатынын айтты. Әңгімесінің соңында ол қалаға, халыққа адал қызмет етуге сөз берді.



newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »