Новости на Newstaraz.

Қазақстан Қырғызстаннан келісілген көлемнен екі есеге аз су алып жатыр

newstaraz.kz

Биыл Қырғызстанда су деңгейінің түсіп кетуіне байланысты қырғыз суына тәуелді Қазақстанның Жамбыл облысының диқандарына қиын болып тұр. Бұл жөнінде облыс басшысы Бердікбек Сапарбаев Азаттық радиосының сұрақтарына жауап бергенде жеткізді.

– Суды Орто-Токой және Киров су қоймасынан аламыз. Қазір екі ел арасында қол қойылған келісімде көрсетілген су көлемінің 50 пайызы ғана келіп жатыр. Қазір Қырғызстанның өкілдерімен сөйлесіп жатырмыз. Олар судың көлемін болмашы пайызға ғана көбейтті, бірақ ол да қазір жеткіліксіз болып жатыр, — деді Сапарбаев.

Ол осыған байланысты Қазақстан өзінің су ресурстарын үндемдеп пайдалану керек деп есептейді.

– Сондықтан біз өзіміздің су ресурстарымызды үнемдеп пайдаланып, қосымша су қоймаларын құруымыз керек. Бұдан бөлек скважиналарды жөндеп, күзден бастап көлдерді толтырып, бұлақтардың суын қолдануымыз керек. Қазір біз 80 пайыз қырғыз суына тәуелдіміз. Бүгінгі күні Шу және Талас өзендерінің есебінен су сұранысы 50 пайыз ғана қамтамасыз етіліп жатыр, — деді Сапарбаев.

Оның айтуынша, Жамбыл облысындағы 200 мың гектарға жуық егінді алқапқа 1,1 миллиард текше метр су қажет.

Өткен аптада су тапшылығы болып жатқанына байланысты Қырғызстанның Шу облысындағы үш ауданның диқандары екі рет митингке шыққан. Үкімет бұл жағдайды су жылдағыдан аз келіп жатқанымен түсіндірген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »