Новости на Newstaraz.

Қазақстан билігі алты айға дейін қант экспорттауға тыйым салды

newstaraz.kz

Қазақстан билігі алты айға дейін қант экспорттауға тыйым салды

Қазақстанда қант тапшылығы жайлы хабар тараған шақта ауыл шаруашылығы министрлігі 23 мамырдан бастап елден қант және құрақ қанты шикізатын тасымалдауға тыйым салды. Арнайы жарлық 12 мамырда құқықтық нормативтік актілер сайтында жарияланды.

Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі заңда белгіленген тәртіпте Еуразия экономикалық комиссиясына аталған шара туралы хабарлама беруі тиіс.

Бұйрық ресми түрде жарияланғаннан кейін он күн ішінде күшіне енеді.

Қазақстан алкогольсіз сусын өндірушілер қауымдастығы өткен аптада қант тапшылығына байланысты сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы министрліктері мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына ашық хат жолдаған. Жергілікті ақпарат агенттіктерінің жазуынша, мәселе наурыз айында Ресей үкіметі аталған өнімді тасымалдауға тыйым салғаннан кейін туындаған.

Қазақстанда қант тасымалдауға тыйым салу туралы ұсыныс наурыз айында айтылған. Сол кезде әлеуметтік желілерде аймақта қант тапшылығы туындағаны жөнінде хабар тарағаннан кейін үкімет «жағдай бақылауда» екенін мәлімдеген. Ал сауда және интеграция министрлігі елдегі қант қоры үш ай бойы халық сұранысын қанағаттандыруға жетеді деген. Тамыз айының соңына дейін баж салығын төлемей 250 мың тонна қант әкелуге мүмкіндік бары айтылған. Қазақстанда тұтынатын қант көлемінің шамамен 60 пайызы шетелден әкелінеді.

2021 жылы елге 506,9 млн тонна қант және құрақ қанты импортталған. Жартысынан астамы яғни, 275,8 млн тоннасы Ресейден әкелінген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

Translate »