Новости на Newstaraz.

Қазақстан парламенті өлім жазасын жою туралы заң жобасын мақұлдады

newstaraz.kz

Тюрьма в Казахстане

Парламенттің жоғарғы палатасы бейсенбі күні өлім жазасын жоюды көздейтін Қылмыстық кодекске енгізілетін өзгерістерді мақұлдады.

Заң жобасы Қазақстан заңнамасынан «өлім жазасы» деген ұғымды тұтас алып тастауға мүмкіндік береді, деді бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев.

Бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өміріне қастандық жасау бабынан да өлім жазасы тіркесі алынады.

Бастапқыда Қылмыстық кодекстің 13 бабынан өлім жазасын алып, төртеуінде қалдыру жоспарланған. Атап айтқанда, жоба авторлары өлім жазасын соғыс кезінде жасалған ерекше ауыр қылмыстарға қолдануды ұсынған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен айда Брюссельге сапары қарсаңында «өлім жазасын тұтас алып тастау қажеттігін» мәлімдеген. 8 желтоқсанда мәжіліс президент ұсынған нұсқаны мақұлдаған.

Былтыр қыркүйек айында Қазақстанның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативті хаттамасына қосылуыжайлы түсініктеме берген президент Тоқаев «Конституцияға өзгеріс енгізу қажет емес» деп айтқан. Қазақстан Конституцясында өлім жазасы әскери қылмыстарға қоса террорлық қылмыс жасағандарға да қолданылатыны көрсетілген. Ал халықаралық хаттамада ондай ескертпе жасауға болмайды деген талап бар.

Заң жобасы енді президентке қол қоюға жіберіледі.

Қазақстанда 2004 жылдан бері өлім жазасын орындауға мерзімсіз мораторий жарияланған. Содан бері елде кемінде екі рет өлім жазасы қолданылды.

Соңғы рет өлім жазасы 2016 жылы шығарылды. Осыдан шамамен төрт жыл бұрын Алматыда полиция бөлімі мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасалып, салдарынан бірнеше адам қаза тапқан еді. Шабуылға күдікті ретінде 1990 жылы туған, бұған дейін екі рет сотталған деп сипатталған Руслан Күлекбаев ұсталған. Кейінірек Алматы соты оны «теракт жасады» деп танып, өлім жазасына кескен.

Құқық қорғаушылар билікті бірнеше рет өлім жазасын алып тастауға шақырған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »