Новости на Newstaraz.

Қазақстанда, Қырғызстанда және Өзбекстанда жарық сөніп қалды

newstaraz.kz

25 қаңтарда түсте Қазақстанның бірқатар өңірінде жарық сөнді. Жарық өшіп, интернет байланысы нашарлағанын Алматы, Шымкент, Тараз, Талдықорған қалаларының тұрғындары хабарлады.

Электр энергия желілеріне жауапты KEGOC компаниясының түсіндіруінше, Өзбекстан мен Қырғызстан энергия жүйесінде туындаған едәуір теңсіздіктің салдарынан «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік Қазақстанға» 500 кВ көлемінде шамадан тыс қуат келген. Соның салдарынан тоқ дұрыс бөлінбей, Қазақстанның оңтүстік өңірінде кейбір аудандар жарықсыз қалған. «Шектеу көлемі – 1500 мВт». Компания қазір апатты жою жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

Жарық сөнгендіктен Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі қалаларда бағдаршам істемей, көшелерде көлік кептелісі пайда болған. Алматының кейбір аудан тұрғындары 10-15 минуттан соң қайта жарық берілгенін хабарлады. Қаланың кейбір аумағында жарық мүлде сөнбеген.

Қырғызстанның бүкіл аумағында, Өзбекстанның бірқатар өңірінде де жарық сөнді. Мамандар бұны бірлескен қуат торабындағы ақаумен түсіндірді. Бұл туралы Қырғызстан энергетика министрінің баспасөз хатшысы Жийде Зоотбекова хабарлады.

«Жарық Қазақстан мен Өзбекстанда да жоқ. Қырғызстан бірлескен қуат торабынан шығып, 30 минутта жарық береді. Алаңдамаңыздар», — деді ол.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »