Қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы ректоры жеті жылға сотталды
Қазақстанның Коррупцияға қарсы қызметі 27 желтоқсанда Алматы облысы Қарасай аудандық соты Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеттің бұрынғы ректоры Гаухар Алдамбергенованы жеті жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлады.
Дәл осындай мерзімге оның кеңесшісі болған К. Кожантаев (Антикор оны Алдамбергенованың туған бауыры деп атады) пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімінің жетекшісі А.Жүрінов сотталған. Оның орынбасары Д. Жұмаділ мен бөлім маманы Е. Кемал жеті жылға шартты түрде бостандығынан айырылған.
Сот шешіміне сәйкес, сотталғандарға өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынған.
Тергеу болжамынша, сотталғандар университетке тиесілі тоғыз гектар жерді заңсыз иеленіп, оқу орнына 95,5 миллион теңге зиян әкелген. Сот үкімі күшіне енген.
Айыпталғандар былтыр қазан айында ұсталған.
newstaraz.kz