Новости на Newstaraz.

ҰҚШҰ Ауғанстаннан қауіп төнген жағдайда Тәжікстанға көмектесуге уәде берді

ҰҚШҰ Ауғанстаннан қауіп төнген жағдайда Тәжікстанға көмектесуге уәде берді

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдер ауған-тәжік шекарасында жағдай ушығып кетсе, Тәжікстанға көмекке келеді. Осылай деп 15 қыркүйекте Душанбеде өткен ҰҚШҰ отырысында айтылды.

Ұйымның бас хатшысы Станислав Зась Душанбедегі саммитке қатысушылар Ауғанстанда бейбітшілік орнату бойынша БҰҰ-ға көмектесу туралы шешімін қолдайтынын жеткізді. Ол шекарада жағдай ушыққан жағдайда ҰҚШҰ көмекке келеді деп атап өтті.

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеу тәліптермен байланысып отырғанын, бірінші кезекте олармен көрші елдерге шабуыл жасамау жөнінде келісім жүріп жатқанын жеткізді.

«Ресей тәліптерге әзірге ешқандай талап қоймады. Біз олардың уәделерін қалай орындайтынын бақылап отырмыз. Тәліптер өз мақсаттарын айтты. Терроризмге, есірткі тасымалына қарсы күресеміз, Ауғанстан аумағындағы көрші елдерге ешқандай шабуыл жасамаймыз деп уәде берді», — дейді Лавров.

Ал сарапшылар ҰҚШҰ-ны Ауғанстандағы жағдайға байланысты әрекетсіздігін сынап жатыр. Олар ұйымға мүше елдерден нақты іс-әрекет, болжам, талдау күткенін айтады. «Бүгінгі күні ҰҚШҰ-ға мүше елдерде Ауғанстанға қатысты нақты ұстаным жоқ»- дейді тәжікстандық сарапшы осим Бекмухаммад.

1992 жылы жылы құрылған Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.

Источник

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Translate »