Қарағанды мен Тараз: терракттің алдын алды
Алдағы уақыттарда Қарағанды және Тараз шахарларында терракт орын алуы мүмкін еді. Абырой болғанда оны ұйымдастырушылардың жолы кесіліп, арам пиғыл жөргегінде тұншықтырылды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті деструктивті діни ағымның 5 өкілі 2 ай мерзімге қамауға алынғанын мәлімдеді. Оларға террористік топ құру, және терроризмді насихаттау баптары бойынша айып тағылып отыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Сондай ақ күштік құрылымдар экстремистік әрекеттері үшін халықаралық іздеуде жүрген 31 шетел азаматын құрықтап елдеріне табыстаған. Бұдан аңғаратынымыз жұртты бүліншілікке бастайтын, қажет десең қан төгуге бейіл топтар бар. Жат ағым идеологиясымен күрес қалай жүріп жатыр? Сюжет қарайық.
Ел ішінде де әсіре жиһадшыл экстремистік элементтер жоқ емес. 2019 жыл бойынша елдегі ахуалға қатысты ҰҚК таратқан баспасөз хабарламасында келесідей мағлұматтар келтірілген.
Алматы және Қарағанды облыстарында жасалмақ болған 3 терактінің жолы кесілген. 7 радикалдық топ жойылып, экстремистік-террористік әрекеттері үшін 140 адам сотталыпты.
ХАЙРОЛЛА НЫШАНБАЕВ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ АРДАГЕРІ, ГЕНЕРАЛ-МАЙОР: «Шет елдегі қақтығыс ошақтарында жүрген отандастарымыз және соларды арбайтын күштер Қазақстандағы теріс ағым өкілдерін қатарларына шақыруға күш салады. Егер ондай мүмкіндік болмаса, онда лаңкестік әрекеттерді өзі тұрып жатқан елінде, тұрғылықты жерінде жасаған уәжіп деп үкім етеді. Бұл теракт жасап көз жұмғандар үшін ана дүниеде ескеріліп, жұмаққа жол ашады екен-мыс». Бұған дейін де сарапшылар атап өткендей жұрт жат ағымның жетегінде кетпес үшін жасалып жатқан амал әрекеттердің бірі Жусан операциясы. Соғыс ошақтарынан жиһадшылық пиғылмен кеткендерді қайтару, соттайтынын соттап, оңалтатынын оңалту. Былтырдан бері 4 операция өткізіліп жиыны 595 адам елге қайтарылған. Дегенмен Ирак, Сирия және Ауғанстандағы лаңкестік жайлаған қақтығыс ошақтарында әлі жүзден аса азамат қалуда. Дінтанушылар Қазақстан аумағында жат пиғылды діни ағымдардың 5 түрі бар екенін айтады. Олар салафи джихадилер, мадхалилер, сурурилер, хариджиттер және тәкфір жамағаты. Атаулары әркелкі болғанымен, түп мақсаттары бір. Зайырлы қоғамды тәрк ету, мемлекетті мойындамау, заңға мойынұсынбау, өзінен басқаларды кәпір деп айыптау және ислам халифатын құру.
АСХАТ ӘБДІМӘЛІК (аты-жөні өзгертілген): «Такфир, чрезмерный такфир жамағаты. Хариджидтер дейді, хауаридждер. Сол ағымда болған екенмін да мен. Оны мен сосын түсіндім да». Мына азамат лаңкестік шабуыл жасамақ болғаны үшін сотталып, қазір бостандыққа шыққан. Оның өміріндегі уаххабилік кезең көпшілікке ұқсас. Қатарластарына еліктеп намаз үйрену, мешітке барып жүріп қысқа балақты ұзын сақалдылардың арбауына түсу, жамағатқа келу, әмірдің сөзіне еру.
АСХАТ ӘБДІМӘЛІК (аты-жөні өзгертілген): «Ол кезде Кавказ центрдан жаңағы сайттардан распечатка жасап шығарды да пропагандировать етті бізге. Ол әрбір мұсылманның уәджібі, күресу, джихад істеу керек деген сияқты. Өзіміздің әміріміз айтқан, осылай істейміз, бүйтеміз. Жамақшы болушы едік, аллаһтың қалауымен уақытында комитет национальной безопасности бізді тоқтатты да». Егер бұлардың жолы кесілмегенде қанша жазықсыз жан соқыр сенімнің құрбаны болуы мүмкін еді? Елестетудің өзі қорқынышты. Қазір Сириядан оралғандары бар, оған дейін заңның құрығына ілінгендер бар, жүздеген, бәлкім мыңдаған адам арнайы орталықтарда оңалтудан өтуде. Мұнда оларға дінтанушылар діни ақида мәселесінде көздерін ашса, тұлғалық болмысын қалыптастыруға
психологтар ат салысады. 3-4 жылдық жұмыс практикасында салафи уахаббилік жолға түскендерді жалпылама келесідей сипаттауға болады дейді.
АЙГҮЛ ӘЙТЕНОВА ПСИХОЛОГ: «Агрессия, өте мінездері агрессивный болып келеді. Көбіне, ең бастапқы несі. Екінші жағдай ол білімнің, ой өрісінің таяздығы. Өз өзіне деген сенімсіздігі, өмірлік перспективасының жоқтығы және көбіне отбасында махаббаттың болмауы. Қолдаудың болмауы. Адам өзі адасқан кезде тығырыққа тірелген кезде қолдауды отбасынан іздейді ғой бірінші». Яғни қоғамнан өз орнын таппай тығырыққа тірелгенде оған діни ағым көмекке келеді мыс. Кеше ғана өзін жоғалтқан адам аз-маз намаз үйреніп, ғаламтордан қайдағы бір шейхсымақтардың пәтуаларын тыңдап алған соң кісі боп шыға келеді екен. Әйелдері де.
АЙГҮЛ ӘЙТЕНОВА ПСИХОЛОГ: «Адам бейнамаз болғаннан кейін ол кісілер намаздамыз деп өздерінің дәрежесін бізден жоғары ұстайды». Қоғамдағы діни ахуалды зерттеп жүрген әлеуметтанушы маман мемлекеттің қазіргі әрекеті тек салдармен ғана күрес деп топшылайды.
СЕРІКБЕЙСЕМБАЕВ ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ: «Себебі бізде экстремизмді алдын алу бұл кейбір діни бағыттармен күресіге айналып кеткен сияқты.Егерде ғылыми зеріттеулерге қарасақ экстремизді тудыратын мәселелер әлеуметтік мәселелер адамдардың кейбір қоғамдық топтардың өзін оқшау сезінуі өзін қоғамға керек емес сезінуі яғни біздегі профилактика жұмысы дәл осымен айналысу керек еді». Бірақ уахаббилік жолға түсу тек әлеуметтік түйткілдерден емес. Әрине тұрмыстық фактор алғышарт болуы мүмкін, бірақ басты себеп діни білімсіздік дейді жат ағымдағылармен тікелей жұмыс жасап жатқан дінтанушылар. ЕРХАН ЫБЫШЕВ ТЕОЛОГ: «Енді жалпы теріс ағымдарға кіретін адамдардың мотивтары әртүрлі….Бұл жерде білімді адамдарда бар, білімсіз адамдарда бар. Яғни азаматтың психологиялық келбетіне байланысты. Бір кісі бақуатты, атақты болуы мүмкін, бірақта ол кісіге бірақ ол кісіге нақты діни білімдігі жетіспеді. Сол діни білімнің кемшілігінен ол кісі теріәс ағымға кіріп кетеді».
ЕРХАН ЫБЫШЕВ ТЕОЛОГ: «Оңалғаннан кейін теріс ағымға кіріп кету жағдайлары болуы мүмкін. Бірақ та дәл бүгінгі таңға дейін ондай жағдайлар кездескен жоқ. Біздің жұмысымыз оңай емес. Ол және де күндік жұмыс емес. Айға созылуы мүмкін. Жылға созылуы мүмкін. Бірақ та мақсатымыз соңына дейін сол кісіні оңалту». Бүгінде елімізде ашық дереккөздерге сенсек 15 мыңдай салафи-уахаббилік ағымды ұстанатындар бар екен. Салафи Уахаббилік ағым дегеніміз:
АСХАТ ӘБДІМӘЛІК (аты-жөні өзгертілген): «Пайғамбарымыз с.а.с. айтып кеткен, ол теріс ағымға жатады. Сол айтарым, жас мұсылмандарға. Жаман теріс ағымға еріп кетпесін».
newstaraz.kz