Алматыда соңғы төрт жылда болмаған жер сілкінісі тіркелді
Анвар Боранбаев. Фото: Sputnik Казахстан
«Сейсмология институты» ЖШС директоры Анвар Боранбаев айтуынша, осыған ұқсас жерасты дүмпулері Алматыда 2011 жылы, ал кейінірек 2013 жылы тіркелген.
«Екі жағдайда да жер сілкінісінің магнитудасы шамамен 4-5 баллға тең болды», — дейді Әнуар Боранбаев.
Сондай-ақ, «Сейсмология институты» ЖШС директорының айтуынша, бұл магнитуда қалыпты деп саналады.
«Мұны «жойқын» жер сілкінісі деп айтуға болмайды», — деп түсіндірді Боранбаев.
Оның айтуынша, алдағы аптада 6 балдан асатын жерасты дүмпуі бола ма, жоқ па — бүгін болжау комиссиясының отырысынан кейін 16.00-ден кейін белгілі болады.
newstaraz.kz