Новости на Newstaraz.

Байлардың ермегі: Хан сарайындай VIP-вагон желіні шулатты (фото, видео)

newstaraz.kz

Әлеуметтік желіде қымбат жиһазбен безендірілген пойыздағы VIP-вагон жұртты қызықтырып қойды деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.


Темір жол басшыларының вагоны. Фото: Видеодан үзінді.

  Бір минуттық видеода бүкіл бір вагонның іші көрсетілген.


Темір жол басшыларының вагоны. Фото: Видеодан үзінді.

Соның ішінде қос төсек қойылған жатын бөлме, оншақты адамға арналған дастарханы бар қонақ бөлме және жарқыраған санузел мен үлкен теледидар, қардай аппақ ыдыс-аяқты көрген отандастарымыз «бұл расымен де қазақстандық отарба ма?» деп таңданыстарын жасыра алмады.


Темір жол басшыларының вагоны. Фото: Видеодан үзінді.
Похожие статьи

NUR.KZ тілшіcі аталған видеоны теміржол қызметкерлеріне көрсетіп, хан сарайындай вагонның қайда екенін білді.

«Бұл теміржол басшыларына тиеселі вагон. Менің біліуімше мұндай вагондар екеу. Алматы мен Астанадағы вокзалдарда шешулі тұрады. Бастықтар іссапармен шыққанда немесе демалысқа аттанған кезде бұл вагонды керекті бағыттағы пойызға тиеп алып жүре береді. Пойыздардағы VIP вагондар деген басқа мұндай жасалмаған», — дейді атын атауды жөн санамаған теміржолшы.

Алайда Қазақстан темір жолы ҰҚ АҚ-тың баспасөз қызметі желіні шулатқан элиталы вагон бастықтарға тиеселі емес деп шаң жуытпады.

«Біздің бастықтардың жеке вагондары бар, жасырмаймын. Бірақ видеодағы вагон бізге тиесілі емес, жекеменшік компанияныкі. Оны кез келген адам жалға алып жол жүруіне болады. Ал, ҚТЖ компаниясының бастықтарының вагонының ішкі суретін және видеосын жібере алмаймын. Кешіріңіз, рұқсат етілмейді», — деді баспасөз қызметкері.

Расымен де видеодағы адамдар қазақша сөйлеп, арасында «Балхаш елді мекенінен өтіп барамыз» дейтіні де бар.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »