Қазақстан Қарулы Күштерінде тактикалық оқу-жаттығулар өтті

Алматы, Қапшағай, Талдықорған, Сарыөзек және Жаркент гарнизондарында Десанттық-шабуылдаушы, шабуылдаушы, парашюттік-десанттық, танкілік және барлау роталарының қатысуымен тактикалық оқу жаттығулар өтті.

Оқу-жаттығулар жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес шынайы ұрыс барысына барынша ұқсас жағдайларда ұйымдастырылды. Жаттығу барлық бөлімдердің бір уақытта жоғары жауынгерлік даярлық жағдайына келтіріліп, әскери техникамен марш жасаудан басталды. Жеке құрам белгіленген аймаққа жету үшін 300 км астам ара қашықтықты өтіп шықты.
Оқу-жаттығу орнында әскери қызметшілер түрлі ара қашықтықтағы нысаналардың көзін жою, қол гранатасын ату, әуе нысаналары бойынша түнде көру құрылғыларын қолдана отыра атыс жүргізу элементтерін орындады.
Тактикалық оқу-жаттығулар жеке құрамның далалық машықтылығы мен бөлімшелердің үйлесімділігін арттыру мақсатында өткізілді.
Десанттық-шабуылдаушы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Болат Дюсембаевтың айтуы бойынша, командирлер мен жеке құрам штаттық қарулардың барлық түрінен атыс жүргізу мен берілген қосалқы жеке құрамды басқару бойынша ептіліктерін арттырды, олардың жұмысын ұйымдастыру, атысты басқару бойынша тәжірибе ала алды.
Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қаныш Абубакиров оқу-жаттығуға жоғары бағасын беріп, 61993 әскери бөлімінің командирі подполковник Бегимбет Тажибаевтың жеке құрамды жан-жақты дайындағаны үшін үлгі етті.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы
Басқармасыныңбаспасөз қызметі
капитан Рустем Игисинов
Байланыс: +7-777-641-11-72 (Whatsapp)

Комментарий (0)
Добавить комментарий