Қырғызстанда көмір кенін өндіруге қарсылар митингке шықты

Ош облысы Алай ауданындағы Согонду ауылында көмір кенін қазуға қарсы болған екі жүздей адам наразылық акциясын өткізді. Бұл туралы жергілікті тұрғын Миртемир Рахманбердиев хабарлады.

Жиналғандар ауылдан 2500 метр аралықтағы Тайгак-Таш аймағынан көмір қазуға қарсы. Олар кен өндіруді мақсат еткен компания қайтадан жұмысын бастағанын айтып, егер көмір қазыла бастаса, экология бұзылып, таза су былғануы мүмкін екенін айтады.

Акцияға шыққандармен Алай ауданы әкімінің орынбасары Шерикбай Жапанов кездескен.

Согонду ауылының басшысы Кылыч Мусаев кен қазуға соңғы екі жылдан бері елдің көбі қарсы болып жатқанын айтты.

«Бикипинг» компаниясы кенді игеруге 2017 жылдың соңында үш жыл мерзімге рұқсат алған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий