Үндістандағы «ҚазИнд — 2019» бірлескен оқу-жаттығуы жалғасуда (фото)

Оқу-жаттығу аясында бірлескен тапсырмаларды пысақтау үшін, қосымша халықаралық жасақ құрылды. Оның құрамына екі елден бірдей көлемде әскери қызметші қосылды.

«Аталмыш шара қазақстандық және үнділік әскери қызметшілер арасында жақсы қарым-қатынасқа әсер етіп, сондай-ақ бірлескен жеделдікті арттыруды пысықтауға мүмкіндік береді» — деп атап өтті Үнді елі Қарулы Күштерінің 111-ші жеке мехеникаландырылған бригадасының командирі генерал Мандэл.

Оқу-жаттығудың жоспары бойынша біріншіден оның қатысушылары кедергілер жолағынан өтудегі өздерінің тапсырмаларын орындады. Алдымен кедергілер жолағынан Үнді елінің әскери қызметшілері өтті. Кейін жаттығу құралдарында өздерінің күштерін қазақстандық мотоатқыштар батальонының әскери қызметшілері байқап көрді.

«Полигондағы кедергілер жолағы – бұл қарапайым және күрделі деңгейлерді қамтитын, түрлі құралдар жиыны. Бізге онымен тек танысып қана қоймай, өткеруге тура келді. Біздің жігіттер қабырғаға ерлікпен өрмелеп, басқада кедергілерді еш қиындықсыз бағындырды деп мақтанышпен айтуға болады. Жалпы кедергілерді қатаң сақтап, жауынгерлік рухтың жоғары деңгейн көрсетті» — деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 43062 әскери бөлім штабы бастығы капитан Қайыржан Текебаев.

Арқанмен төмен түсуді пысықтау қатысушылар үшін маңызды сынақтардың бірі болды. Әскери қызметшілер алдымен бес метр қашықтықтан, кейін он метр қашықтықта түсуді орындады. Қатысушыларға оқу-жаттығулардағы қиын сындардың бірі болып жер бетінде қалықтап тұрған тікұшақтан арқан арқылы түсіруді пысықтау болды.

Оқу-жаттығулар барған сайын күшейе түсті. Шешуші кезең және сынақ болып жер бетінен 15 метр биіктікте тұрған тікұшақтан арқан арқылы түсуді орындау болды. Қазақстандық әскери қызметшілер бұл жаттығуда жеткілікті тәжірибесі бар үнді әскери қызметшілерімен бірдей деңгейде тапсырманы сәтті орындап шықты.

Белгіленген жауынгерлік аймаққа жеке құрамды тез арада жеткізу пысықтап, жиынтық тактикалық тобы терроризмге қарсы операцияның элементтерін жүргізуге көшті. Бұл үшін мектепке ұқсайтын арнайы құрылыс жері қолданылып, мұндағы оқу-жаттығулар қаруланған заңсыз құралымды басып алу деген оймен іске асырылды.

Оқу-жаттығудың қатысушылары операцияны жүргізуде жауларын максималды нәтижелі көрсеткішпен, аз шығынмен өз қатарлары арасында, сондай-ақ жергілікті тұрғындар арасында өткізуі қажет болды. Қазақстандық-үнділік бірлескен «Қаз-Инд-2019» оқу-жаттығулары элементтерді пысықтаумен жалғасып, оқу-жатығудың ойына сәйкес тактикалық эпизодтарды жүргізу қалпында барлық кешендік кезеңдерді аяқтаумен өтеді.

«Қаз-Инд-2019» оқу-жаттығулары 3 қазанда басталып, 16 қазанға дейін жалғасатындығын айтып өткен жөн. Оқу-жаттығу Питхорагарх қаласына жақын маңдағы полигонда, Делиден 500 шақырым жерде өтеді. Бірлескен оқу-жатығулар Қазақстан және Үндістан Қорғаныс Министрліктері арасындағы екіжақты ынтымақтастық жоспары аясында жүргізіледі. Оқу-жаттығудың тақырыбы терроризмге қарсы операцияларды орындауда жаңа әдістерді пысықтау болып табылады.

Пресс-служба РгК «Юг»

Комментарий (0)
Добавить комментарий