Атырау облысында диверсияга қарсы қауіпсіздік бойынша оқу-жаттығулар өтті

Атырау гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерін диверсияға тойтарыс беру әзірлігіне тексерді.

 

Тактикалық-саптық оқу жаттығудың барысында әскери бөлімде штаттан тыс жағдай орын алған кезде әскери бөлімнің кезекші күштері мен жасақтардың іс-әрекет тәртібі мен тұрақты дислокациялану пунктінде орналасқан жеке құрамның әркеттері пысықталды.

Жаттығу «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы полковник Шайх-Хасан Жазықбаевтың бастауымен өтіп, Атырау гарнизонындағы әскери бөлімдердің біреуіне шартты түрде шабуыл жасаудан басталды. Өз кезегінде, кезекші күштер өзара қарым-қатынасты ұйымдастырып, шабуылға бірігіп тойтарыс берулері қажет болды.

«Бүгінгі күні әскери бөлімдердің қауіпсіздігі – күнделікті әскери өмірдің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Аталмыш жаттығулардың арқасында, біз жеке құрамның өзара қарым-қатынасы мен объектілердегі құрылғыларды штаттан тыс жағдайларда тексеріп, баға бере аламыз», — дейді өңірлік қолбасшылықтың әскерлер қызметінің бастығы подполковник Бахытжан Бельгібаев.

Естеріңізге сала кетсек, әскери бөлімнің, гарнизонның диверсияға қарсы қауіпсіздігі оларға деген шабуылдарға уақытылы тойтарыс беру, объектілерге бөтен адамдардың кіруін болдырмау және әскери техника мен қару-жарақтың бүтіндігін сақтау мақсатында жасалады.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы

Басқармасының баспасөз қызметі

капитан Рустем  Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72 (Whatsapp)

Комментарий (0)
Добавить комментарий