Атырауда әскери-қолданбалы спорт түрлерінен чемпионат өтті

Атырау, Ақтөбе және Ақтау гарнизондары әскери бөлімдерінің үздік әскери қызметшілері офицерлік көпсайыс және табельдік қарудан оқ ату бойынша сынға түсті.

 

Жарысқа «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің бес командасының құрамында 60-қа жуық әскери қызметші қатысты.

— Чемпионатқа қатысушылар өздерінің спорттық біліктіліктеріне сәйкес үш жасқа бөлінді: 30 жасқа дейін, 30 жастан 40 жасқа дейін және 40 жастан жоғары жас санаты бойынша. Соған сәйкес жас санаттарының дистанциялары да әр түрлі. Айыс нәтижесі бойынша 280 ұпайдан жоғары көрсеткішке қол жеткізген әскери қызметшілерге «спорт шебері» атағы беріледі», — деді өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшылығының жауынгерлік даярлық бөлімінің аға офицері майор Медет Құлыбеков

Әр офицердің триатлон командасының құрамында бес адам қарастырылған, олар Макаров тапаншасынан және Калашников автоматынан оқ ату, 300, 200 және 100 метрге еркін жүзу, 3000, 2000 және 1000 метрге жүгіру бойынша жарысты.

Қызметтік қарудан ату бойынша жарыста 3 адамнан құралған командалар қатысты, олар 2 ер адам және 1 әйел. Атыс екі кезеңнен тұрды: бұл ПМ-3 жаттығуы — Макаров жүйесіндегі тапаншадан ату және АК-3 жаттығуы — Калашников автоматынан ату.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша офицерлік триатлоннан бірінші командалық орынды Ақтөбе гарнизонының командасы иеленді, ал Ақтау гарнизонының теңіз жаяу әскері қызметшілері табельдік қарудан оқ ату бойынша үздік атанды.

Алматы қаласында өтетін Қарулы Күштердің чемпионатына қатысатын жеңімпаздардан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының командасы құрылады.

 

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі

капитан Рустем Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72

Комментарий (0)
Добавить комментарий