Атырауда «Айбын-2021» әскери спорттық жарысы өтті

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне орай Атырау облысында әскери-патриоттық клубтар арасында жарыс өткізілді.

 

Олар мектеп, аудандық, қалалық және облыстық кезеңдерден тұрды. Сайысқа барлығы 710 оқушы қатысты.

Әр команда қатысушыларына бірнеше сынақты тапсыру қажет болды. Мысалы ұлдар — белтемірге тартылса, қыздар — денені бейімді қалыптан көтеруден, АК-74 автоматын шашу және жинаудан, «Берпи» еркін жаттығулар кешенің орындаудан, жалпыәскери қорғаныс костюмін киюден, алғашқы медициналық көмек көрсету мен робототехникадан жарысқа түсті.

— Биыл жарыстар онлайн режимінде өтті. Сайыстың әр кезеңіне объективті төрелік ету мақсатында Қарулы Күштер ардагерлерін шақырдық. Мұндай іс-шаралар жастарды болашақта әскери мамандық таңдауға итермелейтіндігін атап өткім келеді, — дейді «Жас сарбаз» жергілікті қозғалысының төрағасы Нұрлан Елеуов.

Бірінші орынды Құрманғазы өңірінің әскери-патриоттық клубы жеңіп алды, екінші орынды Индер құрамасы иеленді, Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі үздік үштікті жапты.

Конкурстың үздік қатысушылары Құрманғазин ауданы Қадыр Мырза Әли атындағы орта мектептің оқушылары Дарина Уразбаева және Нурасыл Жолтаев атанды.

2020 жылдың қортындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау облысы жастар арасында әскери-патриоттық қозғалысты дамыту және дәріптеу бойынша үздік өңірлер деп танылғанын атап өткен жөн.

 

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі

капитан Рустем Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72

Комментарий (0)
Добавить комментарий