Жақында құрылған Атырау облысы аумақтық қорғаныс бригадасымен командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жыттығуы өтті.
«Батыс» өңірлік әскерлерінің қолбасшысы полковник Нұрлан Алдияровтың басшылығымен Атырау облысында аумақтық қорғаныс бригадасымен командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуы өткізілді.
Оқу-жаттығу мәні бойынша аумақтық қорғаныс бригадасы жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірілді. Жаттығу барысында бригаданың басты мақсаты ретінде әскери және мемлекеттік маңызды нысандарды қорғау болып табылды. Бригада жеке құрам мен әскери техниканы қабылдау орындарын ашты.
Оқу-жаттығулардың басты мақсаты – басқару, байланыс пен хабарландыру жүйелерін ұйымдастрылуын тексеру, әскерлердің таралуын іске асыру мен аумақтық қорғаныс бригадасын жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіру. Оқу-жаттығу барысында бригада командирімен тиісті жағдайға қатысты шешім қабылданып, штабпен керекті есеп жүргізіліп, бригада басқармаларының барлық лауазымды тұлғаларының қатысуымен жоспарлау құжаттарын дайындау бойынша жұмыстар әрі қарай ұйымдастырылды.
«Басқару органдары іс-әрекетінің үйлесімділігін арттыру мақсатында жедел жағдайда бастапқы мәселелерді жеткізу арқылы және кенеттен туындаған сұрақтарды шешу үшін бұйрықтар беріліп отырылды»- деп атап өтті «Батыс» өңірлік әскерлері қолбасшылығы басқармасының аумақтық қорғаныс бөлімінің бастығы подполковник Қайырхан Қанатов.
Аумақтық қорғаныстың маңызды міндеті елді мекендерді, маңызды объектілер мен коммуникацияларды күзету және халықты қорғау болып табылатынын айта кеткен жөн.
Аумақтық қорғаныс бригадалары басқармаларымен командалық-штабтық оқу-жаттығулар жиі өткізіліп тұрады. Алдын-ала талдауларға қарағанда штабтар жауынгерлік істің жақсы деңгейін көрсетуде.