Азия ойындарына 500-ге тарта ресейлік және беларус спортшысы қатысатын болды

500-ге тарта Ресей және Беларусь спортшысы қыркүйектің 23-і мен қазанның 8-і аралығында қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарына қатысады. Бұл жөнінде Inside The Games хабарлады.

Спортшылар елдерінің ешқандай ұлттық белгілерін қолданбай, бейтарап ту астында қатысады. Олар сонымен бірге жеңген күннің өзінде жарыс медалін ала алмайды. Бұл тек 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алуға мүмкіндік береді.

Биыл наурыз айында халықаралық олимпиада комитеті Ресей және Беларусь спортшыларына қатысты ұсынысын шығарған:

Ресей және Беларусь спортшылары тек ұлттық рәміздерді қолданбай жеке жарыстарға қатыса алады;
Спортшылар Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын қолдамауы тиіс;
Бұл спортшылар әскери немесе қауіпсіздік қызметкерлері болмауы тиіс.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий