«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери байланысшылары экипаж құрамында дайындық жүргізуде

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің әскери байланысшылары штаттық техникада нормативтер мен тапсырмаларды орындау мәселелерін пысықтауда.

 

Әскери бөлімдерде мамандық бойынша даярлықтан кейін жауынгерлік дайындық бағдарламасының келесі кезеңі — бөлімшелердің, экипаждар мен есептоптарды үйлестіру басталды.

Жеке құраммен сабақтар оқу-жаттығу полигондарында, мамандандырылған сыныптарда және ұрыс машиналары парктерінде өткізілуде.

— Командирлердің басшылығымен жеке құрам байланыс техникасын құрып-жайғастыру, аппарутураларды, радиостанциялар мен желілерді келтіру, сондай-ақ радио жаттығуларды жүргізу тәртібін оқып жатыр. Экипаждарды даярлау кезінде біз тақырыптар мен сабақтардың неғұрлым оңай түсінуге болатын форматын таңдап, қарапайым алгоритмдерден күрделіге бірте-бірте ауысып отырамыз және әрекеттердің дұрыс орындалуын қадағалап отырамыз, — деді радио взвод командирі лейтенант Әділет Құрмашев.

Әскери байланысшыларды даярлаудың бұл кезеңі экипаж жеке құрамын штаттық радиостанцияларда оқытуды көздейді. Экипаждың белгілі бір аймақтағы тапсырманы жеке дара орындай алатын жауынгерлік бірлік болуына байланысты, дайындықты жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізу өте маңызды.

Оқу кезеңі аяқталғаннан кейін байланысшылар тиісті сынақтардан өтетін болады. Жеке құрамның кейінгі дайындық кезеңі взвод құрамында жалғасатын болады.

 

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі

капитан Рустем Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72

Комментарий (0)
Добавить комментарий