Боксшы Бейбіт Шүменовтің үстінен іс қозғалды

Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев Астанадағы сауда орталықтарының бірінде танымал боксшы Бейбіт Шүменов бір жігітті соққыға шыққанын растады.

Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

«Бұзақылық туралы іс қозғалды. Ауыр қылмыс емес. Сараптаманы күтіп отырмыз. Ол бокспен біраздан бері шұғылданбайды. Сараптаманы күтейік. Қызметтік тексеру жүріп жатыр, ол қатаң жазаланады. Жақында министр мәселе көтерген, ол жазаланады» дейді Қайрат Сүнтаев.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеодан бала көтеріп тұрған бір ер азаматқа басқа бір жігіт дүрсе қоя бергенін көруге болады. ІІМ өкілінің айтуынша, бала зардап шекпеген, бірақ жәбірленуші Шүменовті қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрап отыр. Осы оқиға кезінде Бейбіт Шүменов мас болмаған дейді Сүнтаев.

Бейбіт Шүменов – қазақстандық кәсіпқой боксшы, бұрынғы әлем чемпионы.

Комментарий (0)
Добавить комментарий