2021 жыл Семей ядролық полигонының
жабылғанына – 30 жыл. Қазақстан тарихында халыққа қасірет шектірген полигонның жабылуы елдегі ең маңызды оқиғалардың бірі. Семей сынақ қоғамдық бірлестігінің өкілдері күн санап қатары сиреген қаруластарын еске алуға Шымкенттің «Ерлік мұражайында» бас қосты.
Бұл қорқынышты көрініс, қазақ даласына қайғы мен қасірет әкелгені анық. Полигон бұрынғы Семей облысы, Абыралы ауданы, сонымен қатар Павлодар және Қарағанды облыстарының біраз жерін қамтыды. Сынақ аймағында 1949–1989 жылдар аралығында 470-тей қуаты әр түрлі ядролық жарылыстар жасалды. Әуеде – 90, жер үстінде – 26, жер астында – 26 дүмпу орын алды. Бүгінде сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтар «Ұлы Отан» соғысы ардагерлеріне теңестілірген. Осы оқиғалаларды қала тұрғындарының назарынан тыс қалдырмау үшін және қаламыздың сол полигонда әр жылдары зардап шеккен қала тұрғындарын ұлықтату мақсатында «Ерлік мұражайының» ішінен Семей сынақ қоғамдық бірлестігінің бұрышы ашылды.
Ашылу салтанатына қатысқан «Қарулы Күштердің ардагерлері» кеңесі РҚБ Шымкент қаласы бойынша төрағасы запастағы полковник Серікбай Онбаев, өз сөзінде, сынаққа қатысып сол кезде тәжірибені өз көзімен көрген бауырларымыз өздерінің жәдігерлерін алып келді. Олардың ерлігі ешқашан ұмыт болмауы тиіс. Осы мәселеге түсінікпен қарап, қолдау көрсеткен музей ұжымына да алғысын айтты.
Өңіріміздегі Семей қоғамдық бірлестігі 2005-ші жылдан бері қызмет етуде. Құрылған жылы бірлестіктің мүшелері 7500 адам болған, ал қазіргі таңда олар 850-дей ғана қасірет куәгерлері бар. Бірлестік мүшелері бірлесіп қана көңілдегі жүкті жеңілдете аламыз дейді.
Жиын барысында естелік тілектер айтылып, бірлестіктің атқарып жатқан жұмыстары баяндалды. Семей полигонында қызмет еткендерге мемлекеттен берілетін көмектің тиімділігі сөз болды. Ішкі ағзасын зиянды сәуле шалғандарға жылына бір рет сауықтыру орталықтарына тегін жолдама беріледі екен.