Тәжік блогерінің анасы Шохида Мамаджонова 6 жылға сотталды

Германияда тұратын блогер Шерзод Мамаджоновтың анасы Шохида Мамаджонова алты жылға сотталды. Сот үкімін 7 сәуірде Душанбе қаласындағы Исмоили Сомони ауданының соты шығарды. Адвокаттар үкімге шағым түсіреді.

Бұның алдында мемлекеттік айыптаушы соттан Шохида Мамаджонованы жеті жылға соттауын сұраған.

Прокурор сотталушыны елде тыйым салынған «24 топ» және Ислам өркендеу партиясының идеяларын қолдайды деп айыптады. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, Шохида Мамаджонова ұлының YouTube’тегі «Ислох+» ролигінің астына Тәжікстан конституциялық құрылымына қарсы бағытталған сөздер жазған.

Бұған қоса, прокурор 2021 жылғы мамырдан бері Мамаджонова YouTube’те екі мәрте үкіметке қарсы пікір жазды. Солардың бірі 16 қараша президент күні жазылған. Онда автор елдің жоғарғы басшылығын балағаттаған.

Сотталушы сотта «кінәсін мойындайтынын, жасаған ісіне өкінетінін» айтты. Ол 2021 жылғы маусымда оның әскери бөлімдердің бірінде істеген бауыры жұмыстан шығып қалғанын еске салды. Туыстары Мамаджонованы баласының билікті сынағаны үшін бауыры жұмыссыз қалды деп кінәлаған.

Шохида Мамаджонова анасының үйіне барғанда жұмыссыз қалған бауырын көріп, сол сәтте өзін кінәлі санағатын айтты. Оқу жылы басталған уақытта бауыры балаларына мектеп формасын сатып алып бере алмағанын біліп, сол күні YouTube’те билікті сынайтын екі пікір қалдырғанын мәлімдеді.

Шохиданың адвокаттары аудандық сот үкіміне шағым түсіретінін айтты. Сотта олар айыпталушының кінәсін мойындағанын ескеріп, оның бас бостандығынан айырмайтын жаза белгілеуін сұраған.

Шохида Мамаджонованың ұлы — блогер Шерзод Мамаджонов, әлеуметтік желілерде «Абдурахмон 09» лақап атымен белгілі, қазір Германияда тұрады. Ол биліктің хиджабқа қатысты саясатын бірнеше мәрте сынаған.

Шерзод Мамаджонов 4 сәуірде Озоди радиосына берген сұхбатында анасымен екі ай ешкімді кездестірмегенін айтты. Бұның алдында Тәжікстан ішкі істер министрлігі қамаудағы адамның туыстарымен кездесуіне барлық жағдай жасалған деп мәлімдеген.

Адам құқықтарын қорғаушылар мен оппозициялық ұйымдар Тәжікстан билігін елдегі оппозиция мүшелерін қудалап жатыр деп айыптайды. Ресми Душанбе бұны жоққа шығарып отыр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий